Дінтану мамандығы
Мамандық таңдау - кез келген жасты қинайтын, болашақ өмірге деген бағыт-бағдар болып табылады. Сол себепті әр адам өз таби¬ға¬тына сай келетін мамандықты таң¬дауда жаңылмауы тиіс . Әрбір мамандық өзін¬дік тағылымы мол тарихымен ерек¬ше¬ленеді. Мен осы орайда, өз мамандығымды таңдауда жаңылыс¬пағаныма көзім анық жетті. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни¬вер¬ситетінің философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» ма¬мандығы бойынша грант иеге¬рі¬мін.
Бұрын дінтану десе халықтың құлағына түрпідей тиетін бұл мамандық ендігі кезде - кеңге жайыла бастап, адамдардың бойы үйренді. Нақтылап айтатын болсам, бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер деген мамандықтардан асып түспесе, кем емес.
Дінтану мамандығы нені оқытады? Дінтану мамандығының қоғамға тигізер пайдасы барма? Мамандықтың маңызы қандай ? – деген сұрақтарға жауап бере кетсем.
Дінтану мамандығы дін туралы білім көптеген Батыс және Шығыс елдерінде бұрыннан мемлекеттік білім жүйесінің міндетті компоненті болып келеді . Бұлай болып келу себебі, дін әрқашанда әр қоғамның , мемлекеттің , адамның емірінде дүниеге көзқарасы , сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып келеді және солай бола бермек . Сонымен қатар дін қоғамдық феномен болғандықтан оның зерттелуі , жалпы халық , мемлекет тұтастығы үшін езектілігі жойылмайды . Дінді дұрыс , жете түсінбеу қоғамда түрлі сенім негізінде адамдар арасындағы , конфессия арасындағы , халықтар арасындағы қайшылықтарға алып келеді . Бір де бір дін адамзатты зұлымдыққа , жамандыққа шақырмайды , қайта қиын кезеңдерде адамға рухани азық , қолдау болып , қоғамның ұйытқысына айналады Сол себептен діннің негізін , ішкі рухани дүниесін , шығу тарихын , даму барысындағы түрлі ағым , бағыттардың көзқарастарын , ерекшеліктерін зерттеп , білу маңызды.
Қазіргі кезде дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзектілігін жоғалтпайды. жыл сайын ұлғаюда..
«Дінтану» мамандығы бойынша кадрларды даярлау 6 жоғары оқу орнының базасында іске асырылуда (әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Нұр - Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті).
Дінтану – республикамыздағы сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Жалпы, дінтану – қоршаған орта мәдениетімен, дүниетанымымен таныстыратын ғылымның бір саласы.
Қоғамдағы қайсыбір өзекті мәсе¬л嬬лер дін саласымен байланысты бол-ғандықтан қарапайым халыққа дұрыс бағыттағы діни білім беру өте маңызды. Бұл саланы игерген ма¬ман¬дарға: мемлекеттік, діни және қоғам¬дық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ре¬тін¬де және сарапшылар комиссиясы құрамында; ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері; дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер; мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орын¬да¬рының оқытушылары; «Халал» стан¬дарттау комитетінің, ҚМДБ қыз¬меткерлері және басқа да мемлекеттік, мем¬лекеттік емес мекемелер мен ха¬лықа¬ралық ұйымдардың қызмет¬кер¬лері ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік бар.
Дінтану – заманауи жоғары сұра¬ныстар мен қызығушылыққа ие, әрі елі¬міз¬дің тәуелсіздігімен тұрғылас жаңа ғасыр мамандығы.
Мен дәл осы мамандықты таң¬да¬ғаныма қуанамын, өйткені дінтану бір жағынан жеке мамандық болса, екінші жағынан адамды рухани құн-дылықтарға, имандылыққа тәр¬бие¬лейді. Әсіресе, қазіргі әлемдік діни жағдайдың күрделілігі осы саладағы білімді мамандарды қажет етеді. Бі¬лікті мамандарға қай кезде де қоғам¬нан орын табылатыны сөзсіз. Бұл саланы меңгерген білімді мамандарға кез келген жол ашық деп ойлаймын. www.kaznu.kz
Жарқын Ақжол
«Дінтану» мамандығының 3 курс студенті
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекші: Мұқан Н.
PhD доктор, аға оқытушы
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ