15 қараша 2021 жылы, Талдықорған қаласында, QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесімен бірлесе «Қала тұрғындары арасында зайырлы мемлекет қағидаларын түсіндіру, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу» жобасы аясында «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» дөңгелек үстелі өткізді.
Іс-шараға Талдықорған қаласының жастары және студенттері қатысты. Кездесуде спикер рөлін Мұхамед Мағжан атқарды. Отырыста мұсылман діні мен христиан діні - Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты екені талқыланды. Соның ішінде бүгінгі Қазақстандағы христиан діні жайлы сөз қозғады.
Православие діні –Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт екенін біреу білсе, біреу білмес. Діни сенім бостандығына құқық беру толыққанды рухани өмірге оралуға мүмкіндік бергенің айтты. Ислам және буддизммен қатар христиан діні де үш әлемдік діндердің қатарына кіретіні талқыланды.