Діннің қоғамдағы рөлі

Діннің қоғамдағы рөлі
жеке
блог


Діннің барынша қоғамдағы ерте кезеңдерден адамзат арасында бірге жасап келеді.Әртүрлі ерекшеліктермен адамзат тарихында түрлі наным-сенімдердің туындауы және әртүрлі деңгейде даму деңгейіне жетуі және өз заманында өзіндік ерекшелікпен пісіп-жетіле отырып дін ретінде қалыптаса бастауы қоғамдағы қажеттілікті өтеуде адамзаттың қажеттілігін өтеуде қажет болды.Адамзат алдында негізінен өзіндік қызмет ету формаларында дамып отырды.Діннің адамзат тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін – имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ. Дінің барынша қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы. Өзіміз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп қарау әсте мүмкін емес. Өйткені, дінсіз, бір Алланың бар екеніне сенімсіз қоғамда адам баласының бойынан қорқыныш сезімі жоғалады.Мәдениет пен діннің адамзаттың барынша бір элементіне айналды.Яғни ерте кезеңдерден бастау алған діннің қоғам мен адамзатқа әсері уақыт талабына сай өзгеріп отырды.Уақыт өте әлемдегі діндердің заман талабына сай әлемдердегі діндердің гүлденуі,жаңа діни ағымдардың пайда болуы негізінде адамзаттың рухани-психологиялық қажеттіліктер негізінде тікелей байланысты шыққан болатын. Қазіргі әлемдегі діннің рөлі өткен ғасырлардағы діни нанымдардың рөлімен салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ, егер көптеген мемлекеттерде дін мен саясат бөлінгенін және дінбасылардың елдегі саяси және азаматтық процестерге айтарлықтай әсер етуге күші жоқ екенін ескермесек болмайды. Алайда, көптеген мемлекеттерде діни ұйымдар саяси және әлеуметтік процестерге айтарлықтай әсер етеді. Сондай - ақ, дін сенушілердің дүниетанымын қалыптастыратынын ұмытпау керек, сондықтан зайырлы мемлекеттерде де діни ұйымдар қоғам өміріне жанама түрде әсер етеді, өйткені олар діни қоғамдастықтың мүшелері болып табылатын азаматтардың өмірі, сенімдері және көбінесе азаматтық ұстанымдары туралы көзқарастар қалыптастырады. Әртүрлі дінде өзіндік моральды нормалар мен өмірлік ережелері болады сол жолмен сол сенімдегілердің жүруі қоғамның бір бөлігі болып табылады.Осындай нормалармен әртүрлі діни ұйымдардың негізінде жеке қоғамның бір бөліктерін құрайды.Осылай қоғам біртұтас конструкторға айналады.
Адам баласында ақыл мен сана барда сол өрісті толтыруда,өмірдің мәнін іздеуде өзіне қажет ететін өрісті іздеуді дінді қажет етеді.Сондықтан қаласа да қаламаса да дін қоғам арасында,адам өмірінде де өзіндік орын алады.

Жеңісбек.Б әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті
www.kaznu.kz 
Жетекшісі ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна.