ДІННІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ

Әлеуметтік құбылыс-адамның мінез құлқынан,іс-әрекетінен, пікірінен сыр шертетін және соған әсер ететін жеке және сыртқы қоғамның көрінісі. Қоғамның кез келген дамуы мен еңбек нәтижесін сипаттайды. Адамдар тобын әрдайым біріктіруші, адамдар тобын бір-бірінен даралаушы. Олардың жынысы мен жасын,орналасқан жерін,сат санасын, мүдделері мен мақсаттарын айқындаушы.Әлеуметтік құбылыс ол қоғамда адамдарға тікелей немесе жанама әсер ете отырып,себептері мен салдарын айқын көрсете алады.Әлеуметтік құбылыстардың алуандығын ескерсек, әрбір жеке тұлғаның қарым-қатынасы әртүрлі,сондықтан жеке-көпке,көп-жекеге тікелей әсер ете алады.Ол қабылдаумен, жаңарумен, сондай ақ өз өзін сақтаумен де айрықшаланады.Әр уақытта әлеуметтік құбылыс ауысып отырады және әр түрлі деңгейге жіктеле алады.

Дін-қоғаммен бірге жетіліп, дамып өзгеріп отырады.Дін әлеуметтік өмірдің феномені болғандықтан әр қоғам ішінде көрініс табуы әр қилы болуы орынды процесс. Қоғаммен байланысы ерекше дін, әр кез үздіксіз дамып отырады.Қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарастырылатын дін және қоғамның өзі ешқашан бір-бірінен алшақ кетпейді. Діннің әлеуметтік функцияларына келетін болсақ адамдар тобының, жалпы алғанда қоғамның іс әрекеті, сөйлеу мәнері, мінез-құлқы тағы да сол секілді адами құндылықтардан тұрады. Басқа әлеуметтік функциялардан айырмашылығы адамның сенім жүйесімен байланысында. Адамзаттың ұстаған дінінен, сенімінен бастау алатын діннің әлеуметтік функциялары жеке адамман басталып көпшілікке таралады не болмаса көпшіліктен жекеге әсер етеді.Қоғамның діни, сенімдік нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, қоғам тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Алайда ішке іріткі тастап, діни сенімді улайтындар да жеткілікті. Дін адам өмірінің мәнін айқындап, өмір сүру нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тұрақтылыққа кепілдік беріп, татулыққа шақыратын фактор.Таяқтың екі ұшы бар демекші, дін тұрақтылықты қамтамасыз етумен бірге , бас жақта айтып өткендей іріткі салушылар, татулықты бұзатын, арандатушы топтар да жоқ емес. Жұртшылықтың көбі діннің адамзат үшін тек жағымды жағы, пайдалы функциялары бар деп есептейді, осы кезде әрине діни төнкерістер, діни жанжалдардың болып жатқаны ойға оралады. Осы жайғдайлардың астарына үңілетін болсақ дінді саяси және экономикалық тұрғыдан қолданып жатқанын көруімізге болады. Арандатушы, іріткі салушы топтардың пайда болуының алдынғы себептерінің бірі ол діни сауатынын төмендігінде, діни сауатты ашқандағы жүгінген адамдардың дұрыс білімді бермегендігінде. Себебі, кейбір кереғар діни топтардың көшбасшыларының ойларының таяздығы мен дін атын жамылып экономикалық, саяси жанжалдар тууына жағдай жасауында. Діннің әлеуметтік функциялары әр кез қоғамда не болып жатқанын айқын көрсетіп береді, сол үшін оның алдын алу шараларын дер кезінде жүргізуге болады. Сол үшін осыорайда білікті де білімді, тәжірибесі мол дінтанушылар мен теологтар, әлеуметтанушылардың іс қимылы аса маңызды.

Дін адамдарға өмірге келгендегі өмір мәнін түсінуге және де сыртқы ортаға әсер ететін қимылдарды үйрете отырып, өздерінің кім екендігін тусінуге көмектеседі. Қоғамның тұрақтылығы мен діннің әлеуметтік функциялары: бейімделуді, мақсат айқындауды,саралауды, қоғаммен қарым қатынаста болуды, жүріс тұрыстың діни-мәдени үлгілерін қолдануды үйретеді. Діннің міндеті нормативтік тәртіпті қабылдау. Дін қоғаммен бірге тыныс алатындықтан ол жердегі діни функциялар жүйелі, әрі адами құндылықтарға сай болуы міндетті.

Қазақта: «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді», деген мақал бар, сол секілді діннің әлеуметтік функциялары да тікелей адамдардың әрекеті мен қабылдауына байланысты. Діни сауаттың төмендігі бір жаннан екінші жанға әсер ете отырып қоғамға да ықпалын тигізуі жиі кездеседі. Сол үшін әр адам қоғамда өмір сүріп жатқандықтан өз іс әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тиіс.

                                                                                     ҚазҰУ, Дінтану мамандығы 3 курс студенті,

Дүйсебаева Шапағат Ерғалиқызы

аға оқытуш, PhD. Мұқан Нұрзат.

www.kaznu.kz



Бөлісу: