ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ

ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ
жеке
блог

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін, білімін меңгерген, мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек. Дегенмен, қазіргі кезеңде көбейіп кеткен. Діни ағымдар азаматтарымызды адастырып, қоғамдық тұтастыққа қауіп төндіруде. Көпұлтты мемлекетіміз көпдінді мемлекетке айналып, түрлі діни ағымдар мен секталар сайын далада жүгенсіз жүр. Әсіресе аймақтарда қаптап кеткен діни бірлестіктер жергілікті жастарды «жақын» тартып, ұлттық мәдениет пен мәдениеттің арасында іріткі салуда.

Осындай жоғарғы талаптар тұрғысынан алғанда жастарға діни тәлім – тәрбие беру мәселесі бүгінгі қоғам мен мемлекеттік деңгейде кеңінен қолдау тауып, әлеуметтік, мәдени маңызға ие болып, педагогика ғылымының өзекті бір мәселесіне айналып келеді. Қазіргі қазақ менталитетіне имандылық ұрығын сеуіп, көп қазақтың беті бұрылып жатқан кезінде жастарға ерте жастан, ең алдымен, мұсылманшылдықтың басты тұтқасы иман екендігін ұғындырудың маңызы өте зор.

Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не ? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Мысалы ХХ ғасырдың соңында пайда болған Ахмеди жамағаты мұсылмандарды тұтастай мұсылмандар емес, олар кәпірлер деп қарайды. Ал олардың іс - әрекеттерін кейбір газет – журналдар немесе бұқаралық ақпарат құралдары исламмен тікелей байланыстырады. Ал шын мәнінде, Ахмеди жамағатының іс - әрекеттері исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Міне, олардың іс - әрекеттері нағыз ұлт араздығын тудыру, халықтардың берекесін кетіру болып табылады. Немесе, ХХ ғасырдың ортасында Палестинада пайда болған Хизб - ут – Тахрир (бостандық партиясы) партияның өзін діни, саяси партия атап, ислам халифатын құру идеясын үгіттеп, қарсыластырды дұшпан, кәпір деп атап, өзін жанкешті құрбан етуді жихад санауы да исламның қағидаларына қайшы әрекет. Себебі, ислам догматикасында дінде зорлық жоқ деп қарастырады. Ал, өзін - өзі өлтіру – үлкен күнә (айып іс) деп есептеледі. Осы үндеулер халықтардың берекесін көтеріп, қоғамға діни араздықты тудырып, ұлттардың ар – намысын қорлайтын белгілерді көруге болады. Біз, тілімізді, дінімізді, салт – дәстүрімізді мәңгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Басқа діні секталардың арбауына түсу - өз дінін, өз отанын сату деген сөз. Себебі дін – біздің рухани болмысымыз, бүгінгіміз бен ертеңіміз және болашағымыз. Біз түрімізбен қазақ емес, керсінше тілімізбен және салт – дәстүрімізбен қазақ болуымыз керек.

Ислам – қазақ халқының рухани қазынасы, салт – санасы, әдет – ғұрпы, дәстүрі, білімі, мәдениеті және тілі мен біте қайнасқан дәстүрлі дін. Ал, саентология, благодать, Иегова куәгерлері, евангелистер, кришна секілді түрлі ағымдар – секта ретінде қалыптасқан. Олардың көздеген арманы, мақсат – мүддесі – қазақ халқының санасын улау, елдің бірлігін ыдыратып, жеріне ие болу,сөйтіп тәуелсіздігін жою.

«Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Ешбір дін немесе діни бірлестік басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды», дейді Заңның 4 – бабында. Заңның осы нормасы қазақ ұлтының намысына қатты тиеді.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық    университеті

Тұрысбек Үсен Әшімбекұлы

3 курс студенті

Жетекші: аға оқытуш, PhD Мұқан Нұрзат.

www.kaznu.kz