“Дін – рухани байлық негізі”

«Әлемдегі діндердің түп мақсұты,

Үш нәрседе бұлжымый құшақтасар:

Құдай – бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,

Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.

Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,

Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.

Інжіл, Құран – бәрі айтып тұрса-дағы,

Мағынасынан адасып қара басар.

Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,

Дін десе білімділер тұра қашар.

Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді,

Қанеки бұл сөзіме кім таласар? – деп Шәкәрім атамыз ұғынықты тілмен тұжырымдағандай Дін- татулық пен рухани байлық бастауы. Ол халқымыздың дәстүрімен, болмысымен бітеқайнасып заман ағымымен дамып келе жатыр. “Иманым- жиғаным” деп түсінетін қазақ халқы өз өмірлерін Исламға негіздеп, дінді ізгілік бастауы, өмір мәні ретінде насихаттап келе жатқаны айқын.

    Рухани байлық – адамгершіліктен, ал дін сол адамгершілік пен бар құндылық қойнауы. Қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан рухани мұрасының негізі Исламда болған. Мысалы, қазақ дәстүрлері мен қағидаттары шариғат шарттарына басымдық берілуі ұлт пен дін тазалығын сақтап қалудың бір көрінісі еді.

       Біздің қазіргі қоғамдық жағдай негізінде дін мен дәстүр сұхбаты маңызды орында болып тұр. Дінімізді дәстүрімізбен сабақтастырып, рухани құндылық мәнін ашып келеміз. Дініміздегі бейбітшілік, сыпайлық секілді құндылықтар, қазіргі Жаһандану үдерісіндегі қоғамның желеуі десек те артықтық емес.

Қазңргі таңда қазақ халқының рухани дүниетаным тарихында ерекше орын алып, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан діни құндылықтарымыздың сол реңкті сақтай отырып, жалпы ұлттық-рухани құндылыққа Исламның орнының осыншама үлкендігі және осы ислами құндылықтарымыз қазіргі қоғамымыздың ұлттық-рухани құндылығына айналғандығыдаусыз. Мысалы, қазіргі ескі дәстүрлеріміздің жаңғыруы мен жас ұрпақты тәрбелеу негізінде діни мерекелер мен атаулы күндердің өтілуі және тағыда басқа дін болсын, дәстүрлі болсын тәрбиелі мәні бар рухани шаралардың ұйымдастыруларын сөзге тиек етсек болады.

Қорыта айтқанда, құндылықтар кешені- бір-бірімен байланысты ұғымдар. Діни құндылықтардың бірігер кезі Тұңғыш Елбасымыздың Жолдауында келтірілген“жоғарғы руханият” түсінігімен ұштасады. Сол себептіде талай ғасыр бойы ерлікке, елдік пен өрлікке, адамгершілікке бауулып келген асыл дініміздің құндылықтарын саф алтындай сақтай отырып, ұлттық- руханилыққа айналдыру біз үшін де, келер ұрпақ үшінде міндеттелуі керек. Себебі, “ Дін-Рухани байлық негізі”

Ботай Назерке әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті
www.kaznu.kz
Жетекшісі ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна.

 



Бөлісу: