Дін деген не?

Дін деген не?
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Дінтану мамандығының 2-курс студенті Олжахан Шұғыла.

Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушы Нұрзат.М

 

 

Дін тақырыбы адамдарды өте қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол тәрбиеде тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан.
Дінге түрлі анықтамалар берілген. Әрбір анықтама діннің басқа бір ерекшелігін көрсеткен. Бірақ барлық анықтамалар діннің адам үшін пайдалы екенін көрсеткен. Дін ғалымдары, тарих және социология мамандары, діндер тарихы жазушыларының анықтамаларының біразын берейік:
Дін—адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол. Адамды өз жаратылысына сай жетілдіретін ілім. Дін адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Адамды шындыққа жеткізетін жарық. Дүние мен ақыретте бақытты болу жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы болып табылады. Дін — илаһи ережелер және соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы.
Бұл анықтамалар дінді жалпы түсіндіріп, илагш діндер мен адам шығарған діндер арасындағы айырмашылықты көрсетпейді. Алайда, илаһи діндерге тән көптеген анықтама бар. Бұлардың көзқарасы бойынша дін-пайғамбарлардың Алладан әкелген илаһи уахилер жинағы, Алланың пайғамбар арқылы білдіретін ақиқаттары. Құрушысы Алла, негізі адам болған қағидалар жинағы болып табылады.

Дін қоғам өмірінің рухани саласына жатады. Дінге қоғамдық жүйе оның типі әсер береді. Алғашқы қауымдық құрылыста, құлдық қоғамда көп Құдайшылық өмір сүрді. Адамдар нағыз Құдайды тани білмеді. Біртіндеп адамдар қоғамнаң өзі Құдайдың біреу екендігіне көз жеткізді. Дін туралы әртүрлі пайымдаулар да болды. Атеистер Құдайды да, дінді де мойындамады.

Дін материалдық нәрсе емес рухани немесе қоғамды идеалистік тұрғыдан түсіну формасы ретінде өмір сүріп келеді. Ал материалдық қатынастар діннің қалыпты өсуіне жағдай жасайды немесе дінді қуғындайды (социализм тәжірибесі). Дін ұғымы – объективті құбылыс. Ол санадан тыс болған және бола береді Дін сананы билейді. Атеистік ұғым тұрғысынан дін – объективті құбылыс емес, ойдан шығарылған құбылыс. Дін санаға тәуелді. Дін мәңгілік емес, Қоғам жоғары даму деңгейіне жеткенде дін өзінен-өзі жойылады.

Діннің функциясы - бір жағынан, жалпы жобаға негізделген әлеуметтік топтың біртұтастығына мүмкіндік беретін құндылықтар жүйесін шоғырландыру, ал екінші жағынан, жеңу үшін сенім арқылы белгілі бір дәрежеде рухани қанағаттанушылық тудыру. азап шегу және бақытқа жету.


 
Барлық діндердің символикалық / тарихи жазбаларында негіздері мен негіздері бар мифтер, миф ретінде өмірдің пайда болуын, күйінің негізделуін және болашақ проекциясын түсіндіретін оқиғаны түсіну.

Барлық діндерді біздің кім екенімізді және әлемге не үшін келгенімізді түсіндіруге тырысатын әртүрлі ой ағымдары қолдайды.

Жазуы бар мәдениеттерде діндер ізбасарларын сол рухани қауымдастыққа шақыратын қасиетті сипаттағы мәтіндерге негізделеді.

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күшАлланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышыАллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтаншықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.Адамдар өз дініне байланысты құндылықтармен және оған сеніммен өмір сүріп,ұрпақтарын тәрбиелейді.Осылайша адамадар өмірден жиған тәжірибесімен,танып-білген сенімімен дінін сақтап,дінді түсіну немесе түсіндіру арқылы өмір сырын ұғынуға тырысты.Дін -адамзаттың ежелден танымын,мәдениеті мен өркениетін қалыптастырып келе жатқан жалпыға ортақ құбылыс.

Қорытындылай келе,дін-өз болмысын адкмзаттың тарихи кезеңдері мен қоғамында өзін әртүрлі пішінде көрсетті.Себебі адамзаттың рухани сұраныстары да әртүрлі болады.Дін қай кезеңде болмасын өз мәнін жоғалтқан емес,адамдармен жалғасып келе жатыр.Діннің қоғамда маңызы зор.Әрбір тұлға діннің не екенін білуі маңызды.