Джорджионың дәмді құпиялары!!
блог
Қазақтың сұлуына үйленген Италияндық аспазшы өмірін өзгертіп Қазақстанда өмiр сүруге бел байлайды. Туған Болоньяны тастап, Іле Алатаудың етегіне мейманхана кәсіпкерлігін де ала келеді...
Осы идеяның сәтті болғаны соншалық, 3 жылдың ішінде Джорджио Палацци алматылық тамақ талғағыштар үшін алып фигураға айналды. Енді 31 телеарнада тамақ пісірудің шебері өзінің аспаздық шоуында құпияларымен бөлісуді ұйғарды.
Италяндық асхананың барлық сырларын озат иемденген бас аспаз өз бағдарламасында сіздер үшін «шебердің құпиясын» ашып, екі тағамнан әзірлейтін болады. Бұл ыстық тағам, салат, десерт немесе көже де бола алады. Рецептің көпшілігі- италиялықтардың белгілі және сүйікті тағамдары. Бірақ, тағамдар Қазақстанда сатып алуға болатын өнімдерді есепке ала отырып әзірленеді. Сонымен қатар, аспаз сіздермен ас үйде керек болатын өзінің кішкентай құпияларымен бөліседі. Әдемі италяндық екпіні бар бейнелі тұлғалы аспаз көрерменді бір көргеннен өзіне тартып алады. Оның біліктілігі мен шеберлігі тамақ әзірлеуді жақсы көретіндердің барлығын бағдарламаға баулиды.