Джим Керри 54 жаста
блог
Көпшілікті өзінің бейнесімен, қылықтарымен оңай күлдіре білетін актер Джим Керридің бүгін туылған күні. Ол өзінің актерлық мансап жолында талай фильмдерге түсіп үлгерген. Бет әлпетін түрлі жануарларға да келтіріп, әзілдің түбін түсіріп жүрген өмір жолын ол кино әлеміне арнап жүргені бәрімізге мәлім.
Нақтырақ Джеймс Юджин Керри 1962 жылы 17 қаңтарда Канадада дүниеге келген. Анасы әнші болса, әкесі қарапайым бухгалтер болған. Кино әлемінде көңілді жүретін Джим бала күнінде таршылық көріп өскен. Әкесін жұмыстан шығарып жібергенде Джим өзінің бауырларымен бірге еден жуушы болып та жұмыс істеген. Содан ол көп сөйлемейтін(замкнутый) болып қалған. Анасы иппохондриялық синдроммен ауыратын болған. Сол себепті кейде көпшілік анасын есі ауысқан деп санаған.
Джим мектеп қабырғасында жүрген кездерінде достарын, сыныптастарын түрлі қимылдарымен күлдіріп жүретін. Тіпті, Кэрол Барнет шоуына 80 пародия нұсқасын жіберген. Алайда, мұнысы нәтижесіз қалды. 15 жасында әкесі Джимді Торонтодағы «Як-Як» деп аталатын комедиялық клубқа ертіп әкеледі. Алғашқы өнері нашар шығып, кейін 1979 жылы сол жерге қайта шығады да жұлдызы бірден жанады. Кейіннен, 80 жылдары Лос-Анджелеске көшіп келеді. Онда түрлі бағдарламаларға түсіп жүреді. Сосын, белгілі «комик» Деймон Уэайнспен танысып «Земные девушки легко доступны» кинофильміне түседі. Бірнеше фильмдерге түсіп жүріп Джимнің бағын жаққан Эйс Вентура рөлі болады. Дәл осы фильмнен соң танымалдығы артады. Оны көшеде де тани бастайды. Осылайша ол атақты актер атанды.
Джим Керри түскен ең үздік фильмдер:
«Пегги Сью выходит замуж»
«Эйс Вентура: Розыск домашних животных»
«Маска»
«Тупой и еще тупее»
«Лжец, Лжец»
«Я, снова я и Ирэн»
«Шоу Трумана»
«Лемони Сникет: 33 несчастья»
«Аферисты Дик и Джейн»
«Всегда говори Да»
(кей мәліметтер википедия желісінен алынған)