Джентельмен қария!

Джентельмен қария!
жеке
блог

Жуырда қоғамдық көлікте бір ерекше оқиғаға тап болдым. Орынға жайғасып отырғаным жаңа еді, аялдамадан бір қария мінді. Тұрып, орнымды ұсындым. Қария енді отыра бергенде көлікке бір аққұбаша келген, орта жастағы орыс әйел кірді.(дәл сол аялдамадан) Қария жас балаша орнынан атып тұрып, әлгі келіншекке "Отырыңыз!"-деп, ізет білдірді. Әйелдің қарсылығына қарамастан, қолқалап жүріп, отырғызды. Қарияның жасы әлдеқайда үлкен болғанына қарамастан, әйел баласына сонша құрмет көрсеткеніне куә болып, кеудемнің тұсы жылып сала берді. Ішімнен атаға әлемдегі бар жақсылықты аямай тілеп тұрдым. Көзіме қуаныштан жас іркіліп қалды. Болмашы оқиға осынша толқытады деп ойламап едім...Автобустағы жұрттың жартысына жуығы жастар... Бірақ олар емес, қарт адам орын берді...Көпті көрген деген осы да...!