Диуана

 

Бір  күні Қожанасыр есекке  мініп,  ұлы жанында жаяу еріп базарға келе жатады. Бұларды көрген біреулер :

-  Ананы қара, үп-үлкен адам өзі есекке мініп, титтей баланы қинап
жаяу жүргізіп қойғанын, - дейді.

Мұны естіген Қожанасыр дереу есектен түсіп, баласын есекке отырғызады да, өзі жаяу жүреді. Алдарынан таныстары шыға қалып :

-   Әй,   Қожам!   Сіз   бұл  жасыңызға   келгенде   жаяу  жүріп,   мына
арыстандай ұлды   есекке мінгізгеніңіз    қалай ? Құдайдың   құлына
жараспайтын іс бұл! — деп сөгеді.

Ұлы екеуі бірдей есекке мініп келе жатса алдарынан жолыққаң тағы біреу :

-   Ұяттан   жұрдай   болған   екенсіңдер.   Айтатын   тілі   жоқ   байқұс
хайуанның, әйтпесе екеуіңді бірдей алып жүру оңай ма? — деген екен.
Қожа есегінен өзі де түсіп, баласын да түсіреді.

Енді екеуі жаяу, есек бос келе жатады. Тағы біреу   бұларды көріп, басын шайқап :

-  Алла, Алла ! Бұл дүниеде не қылған түсініксіз адамдар болады.
Есекке мінбек бар екен, не қылып ұлы да ,өзі де жаяу келеді? Ана
хайуан болса рахаттанып бос келеді., - дейді.

Бұл сөздерді естіген Қожа баласына :

-  Көрдің бе, әркімнің сөзін тыңдасаң диуана боларсың. Ең жақсысы,
қашанда өз жүрегіңнің қалауын істе. Кел, есекке мінейік, - деп екеуі
есекке жайланып отырып, жүріп кетіпті.

. ( "Көптің сөзін тыңдаған, күн
көре алмайды. " (халық даналыгы))

 

 



Бөлісу: