Димаш шыңдалып келеді

Димаш шыңдалып келеді
жеке
блог
Жылдар Димашты шыңдады!
  Бүгін ютуб желісіне кіріп отыр едім, Димаштың осыдан 2-3 жыл бұрынғы "Саз əлемі" жобасына қатысқанын көріп, Нұр.кз айтпақшы сын айтқандарға жаға ұстадым. Ринат Зайтов негізі қорқақ-ау деймін сол кезде де мен "сен сияқты əншілерден қорқамын"-депті. Ал, Елдар сахна мəдениетін үйретіпті, əйтеуір сондағы отырған адамның бəрі ақыл айтыпты, жо-жоқ ақыл айтпасын демеймін, айтсын. Бірақ сол кезде Димашты жақтап, 10 000-1 00 000 адамның ішінен 1 ғана адамда кездесетін дауыс,оны Қазақстандықтардың түсіне бермейтінін айтқан, классиканы алып жүр деп қолдаған Игорь Сахар ғана болыпты. Шыңғырып айту өнер емес деп, ақыл айтқандар... Бүгінгі күні Димаш деп беті бір қызармай, қолдапта жатыр. Сол кезде шығармашылық тоқырауға түсіп кетсе не болар еді? Бірақ Димаш құлдырамады, шыңдалды. Димаш АЛЛА бұданда берекелі ғұмыр нəсіп етсін, сен саған мысқылдағандарды мойындаттың! Азаматсың Димаш! 
Ютубтан көрем десеніз сілтемесі: 
БІР АНЫҚ
Саф өнерге сусаған қайран халық
Талғамың жатыр бүгін ойрандалып.
Асқақтық, шеберліктің дəмін сезіп
Таңдай қағып отырсың, қайран қалып.
 
Арзанқол, той əндері сана жаулап  
Тоғышарлар тойынып тайраң қағып.
Той-базарға айналып бар сахынаң
Сауықшылдар кетіп ед сайран салып.   
 
Ессіздік пен есерлік ес жыйдырмай
Бір сəт тоқтап ойланар ойдан қалдық...
 
Шын өнер - өлі болмас, тірі болар
Жалған өнер дегенің - өлген балық.   
Өлі мен Тірі тең бе, ойлаңдаршы?!
Жанды - Шын
Жансыз - Жалған
Бұл - Бір Анық.
     Азамат Шарғын.  30.01.17.