Диета ұстағаннан бетке бөртпе шығуы мүмкін бе?

Диета ұстап жүргеніме 13 күн болды. Бірақ 3-4 күннен кейін бетіме безеуге ұқсайтын бөртпелер шығып кетті, аздап қышытады. Әсіресе ернімнің төменгі және жоғары бөлігіне қаптап кетті. Бетіме мед.маска киіп жүрмін. Бұл диета ұстағаннан ба әлде басқа себептерден бе түсінбедім, дәрігерге көрінбедім.

Диетадағы қолданып жүрген тағамдарым:

1. Қайнаған күріш (аздап тұз саламын)

2. Гречка(суда бұқтырылған)

3. Айран(Фудмастер\майлылығы 1%)

4. Қара шәй, малинаның вареньесі, кейде аздап шекер

5. Көк алма, банан, мандарин, сәбіз

6. Банкадағы майсыз салаттар

7. Сорпа (құрамында: "пияз, сәбіз, чеснок, гречка, күріш, тұз, дәмдеуіштер")

8. Кейде аздап напитоктар ішемін( Кола, Визит-Легенда, МаксиЧай)

Диетаны тоқтатқаным жөн бе? Әлде бетімдегі бөртпелерге арналған дәрі-дәрмек қолданайын ба? Бар ойларыңызды, ақыл-кеңестеріңізді берсеңіздер! Менің бетімдегі бөртпелерге ұқсайтын бір суретті тіркедім(сәбидің суреті). Алдын-ала рахмет!



Бөлісу: