Тәңір мен Ұмай-анамызга табынып, жерімізді талай жаудан сақтаған - ата-бабаларымыз бар.
Тәуелсіздікті армандап, "қызыл" жауға төтеп беру үшін жанын берген - "желтоқсаншыларымыз" бар.
Көшпенді дәстүріміз бен мәдениетімізге жоғарыдан қараған, арабтың артынан ерген - қараңғы ұл-қыздарымыз бар.
Мәңгүрт болып, өз тілін білуге талпынбайтын - шала-қазақтарымыз да бар.
Арасында өз елінің жарқын болашағы үшін күрескен, сирек кездесетін - азаматтарымыз да бар.
Мемлекет атына - тілімізге бөтен "стан" жалғауын қосып алып, имиджимизді көтеруге ұмтылған шенеуниктериміз де бар.
Бірақ, бір күмән келтірер сұрақ: накты түрде, келесі ұрпаққа қалдырар неміз бар?
(с) Диас Азімжанов