Америкалық актер Леонардо Ди Каприо жуырда Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобстың рөлін сомдаудан бас тартқаны туралы ақпарат көздерінен оқыдым. Ендеше ол мүлде кино әлемінен біржола кетпек пе екен?
Белгілі голливуд актері біршама атаққа ие болған Ұлы Гэтсби фильмінен кейін "Қайта оралған" киносының түсіріліміне қатысыпты. Фильм режиссері Алехандро Гонсалестікі болған. Содан кейін актер Уолтер Айзексон есімді голливуд режииссері басшылыққа алған Джобстың биографиясын көрсететін жаңа фильмдегі басты рөлге Ди Каприоны шақырыпты. Дегенмен, өте ұтымды болған ұсыныстан бас тартқан екен. Бұл көпті таңдандыра түскені белгілі. Себебі осыған дейін Лео дерлік барлық ұсыныстарды қабылдай беретін.
Ендеше студия Джобстың рөліне Кристиан Бэйл, Мэтт Дэймон, Бэн Аффлек және Брэдли Купер секілді белгілі голливуд актерлерін тартып отыр. Жақсы, бірақ ол қазір бізге маңызды емес. Бізге маңыздысы Ди Каприоның кинодан кетіп қалу қаупі болып отыр.
Осыдан екі апта бұрын жарияланған жаңалықтардан көргенім, Леонардо Ди Каприо ғаламдағы ауа-райы проблемалары бойынша БҰҰ-ның хатшысы атаныпты. Бұл да жауапкершілігі жоғары жұмыстардың бірі болғандықтан, енді Ди Каприо мырзаның киноға түсуге мүлде уақыты болмайтын секілді. Ендеше ол Оскарға лайық болмағаны ма?