Девольвация дағдарыстың басталуы ма?

Бұрыннан айтылып, біреуі өтірікке жатқызып енді бірі, шындыққа жанастырған девольвация ақыры елімізді есеңгіретіп тастады. Бір күннің ішінде ішкі өнімдердің қымбаттауы мен, теңгенің басқа валюталарға қарсы қауқарсызды байқалды. Әрине бұл ретте Марченконың орнын басқан, Ұлттық банктің директоры, Қайрат Келімбетов "Жылтырағанның бәрi алтын емес" екендiгiнің дәлелі ісепттес болды.  Қайраттың журналистерге берген сұхбаты, елді тағы да, қатты састырып жіберді. Әйтеуір сол баяғы алдау тәсілін қолданып, қоғамды дүрлікпеуге шақырды. Бірақ Алматыдағы арпалыс пен, абдырап қалған жұртқа, бұл сұхбаттың құны, көк тиынға татымай тұрғаны. 

Әрине құнсыздану үстемдік ете алмаған үкіметке де, кері әсерін тигізді. Шұғыл түрде балама жиналыстардың бірін жасап, байбаламды тоқтатудың тобықтай түйінін іздеді. Үкімет басшысы Серiк Ахмет "арпа, бидай ас екен, алтын,кумiс тас екенiн" деген позицияны ұстанған секілді. Араға ай салып, болмаса күн өтсе құн өскен тауардың қымбаттауын ендi есіне тусiрген секілді. "Біткен іске сыншы көп" бірақ басталмай жатып бітеннін кім сынамайды. 
Бұл арады ақша айырбастау орталыктары, ойламаған жерден байлыққа кенелді. "Қыс азыгын жаз жина" мен қордағы біраз доллар, енді оларға қыруар қаржы әкелмекші. Биліктің көрсеткен статистикасы, Отандастарымыздың орташа есеппен айлығы жүз жиырма мыңды құрайды екен. Олар үшін бай халыққа бұл жәй ғана, іспетті көрінер, бірақ шындығына келгенде, елу мыңды маңдай терімен тауып, айлығы бір айлық шай-пұлына әрең жететін халық үшін бұл үлкен жұмыс. Оның үстіне басына берген, алғандағы бағы, қазір соры болып жүрген кредиті барларға одан да ауыр тиеуде.
Түзу қалпақ бір күнде қайырылып, біраз қуанышты көңілден айырылған қарапайым халык, "қысыр аңгiме қыр асырмайтынын" енді  түсінген секілді. Түсінбегенде несі бар, барлығы боямасыз бетке ұрып тұрса.
Жақында Алматыда жол жүру бағасы кымбаттауы мумкiн. Қалай қымбаттататынын білмей жүрген шенеуніктер,  "темiрдi қызғанында соқ" деп наурыздың жоспарын құруды бастап кеткен шығар. Жоқ әлде, наурызға жетпей жантайтып жүз теңге болмаса, одан да асырар ма екен, кім білсін.  
Не нәрсенiң де қымбаты жақсы, демекшi жақында жанармай да қылымсып қымбаттайды. Қымбаттамай қайтсін, барлығы қымбаттағанда жетім баланың зарын айтып жалғыз өзі тұрақтылықты сақтап отырады дейсің бе? Қымбат жанармай құйған соң, көлiктерiңiз жақсы жүрер бәлкiм. 
Бәрін айтта бірін айт. Сочиден алтын кутеміз деп экономиканың құнсыздануын жеңіп алдық, Кедендік одаққа бұл тұрақсыздықтың кесірі бола ма екен, белгісіз. "Хабардың" сөзіне сенсек, бұдан ел, еш секем алмай сабырлы күймен шығатын тәрізді. Әттең бұған сенер менде ақыл болса ғой. Құр алдаумен кімді сендірмекші. Іс мұнымен біткен жоқ, "қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің", демекші қызықтың көкесі ендi  басталады. Не де болса соңын күтейік



Бөлісу: