Дертіңізге дауа болар сиқырлы жеміс.

Дертіңізге дауа болар сиқырлы жеміс.
жеке
блог

Сәлем МАССАГЕТТІКТЕР! Қалдарыңыз қалай? ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН! Жаңа жылдағы алғашқы блогымды жазу бүгіннің еншісіне бұйырыпты. Ал енді негізгі тақырыбыма келер болсам. Бұл қандай сиқырлы жеміс екен деп блогымды оқуға кірісіпте кеткен шығарсыздар.

ІНЖІР - Орта Азия, Ауғаныстан, Пәкістан елдерінде көп өсетін субтропиктік өсімдік. Наурыздың аяғында сәуірдің басында гүлдеп, жемісі тамыз айында піседі. Жүзімге ұқсас, жемісі әр бұтағына топталып мол бітеді. Міне, мен айтқалы отырған сиқырлы жемістің қысқаша анықтамасы. Ары қарай бұл жемістің қандай ауруларға ем бола алтыны туралы оқи отырыңыздар.Інжір

ТАЛМА АУРУЫ

Дәрі жасау үшін ұсақ тамырларын қазып алып, тазалап жуып, кесіп көлеңкелі жерде кептіреді. Соның бір ас қасығын 2 литр суға салып қайнатып, сүзеді. Осы қайнатпаны талма ауруы бар адамға күніне 30 грамнан 3 рет 3 ай үзбей ішкізеді.

ҚАН ҚЫСЫМЫҢЫЗ КӨТЕРІЛІП, КӨЗІҢІЗ ҚАРАУЫТЫП, ЖҮЙКЕҢІЗ ЖҰҚАРСА

Қабығын кептіріп ұнтақтап, осы ұнтақтап 100 грамын жарты литр спиртке салып, 15 күн тұрғызып тұнба жасайды. Оны күніне бір шай қасықтан ас алдында 3 рет ішсе, жоғарылаған қан қысымын түсіріп, құлақтың шуылын басады. Көздің көруін жақсартып, жүйкені тыныштандырып, адамның ұйқысын қалыпты жағдайға келтіреді.

Осы ұнтақтың бір ас қасығын жарты литр сірке суына салып, қараңғы жерге 10-15 күн тұрғызып, сүзіп алып алапеске сүртсе, жақсы ем. 

Інжірдің жапырағын кессе, сүт шығады. Соны алапеске сүртсе, 2 дәрежедегі күйік пайда болады. Соған қарамастан 3-4 рет қайталаса, алапес кетіп қалады. Күйіктің бетіне тауықтың іш майын жағу керек.

ДЕМІКПЕ МЕН СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХЫ МАЗАЛАСА

Інжірдің жемісі дөңгелек күлшеге ұқсас. Соның алты данасын ет тартқаштан өткізіп, оны жарты литр сүтке салып, 10-15 минут қайнатады. Үстіне ешкінің бармақтай іш майын қосып, күніне жылыдай таңертең, кешке екі ай ішсе, демікпе мен созылмалы бронхы сырқатын жазады.

БАУЫР МЕН ӨТ ЖОЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БҰЗЫЛСА

Алты дана жемісін бір литр суға салып, бір сағат қайнатып, осы суды күніне үш рет 100-150 грамнан 2 ай үзбей ішсе, бауыр мен өт жолдарының жұмысын жақсартады. Бойға сіңісті болған ескі жөтелді кетіреді. Еркектің ұрығын көбейтіп, қуатын арттырады.

P.S. Міне, құрметті оқырман, сиқырлы жеміс жайлы ақпарат алып, пайдасы жайлы толығырақ білдіңіздер. Еңбегім лайкка лайық болса лайк басып, пікір жазуды ұмытпаңыздар. Көкейіңізде мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, пікірге жаза кетіңіздер, келесі блогым сол жайлы болады.