Денсаулыққа зиян келтірмей қалай салмақ қосуға болады?
блог
Салмақ қосуға арналған емдәм
Бұлшық ет массасын жинауда азық - түлік таңдау маңызды рөл атқарады. Бұлшық ет массасы майсыз өсуі үшін ақуызды аспен тамақтану керек. Олар: тауық еті немесе майсыз сиыр еті, суға қайнатылған жұмыртқалар(бірақ аптасына төрт данадан көп емес), сүзбе және балық болуы мүмкін.
Көмірсулары бар тағамдар бұлшықеттің өсуі үшін шығындалатын қайраттың қажетті қорымен қамсыздандырады. Тап сол себептен өзінің рационына көмірсулармен бай азық-түліктерді кіргізген жөн. Бұл ретте "баяу" әсерге ие көмірсуларға таңдау жасалады. Оларға - қатты сұрыптың бидайынан жасалған макарондар, картоп, мейіз, күріш, сұлы печеньесі, банандар және алмалар жатады.
Майлардан тұратын азық – түліктер де маңызға ие. Өсімдік майлары, зәйтүн, күнбағыс немесе соя майларын атап кетуге болады. Оның құрамына кіретін Е витаминін - диетологтер көріктіліктің витамині деп атайды. Ол тек метаболизмге ғана емес, сонымен қатар сырт келбетке де жақсы әсер етеді.
Алуан түрлі пайдалы ас – бұл тек жетіспейтін салмақты қосу ғана емес, сонымен қоса өзінің физикалық күйін де жақсартудың бірден бір жолы.
физикалық жаттығу
Әр тамақтанған соң тамақ дұрыс сіңуі үшін міндетті түрдде дем алған дұрыс. Алайда дене тұрпатын дұрыс қалыптасуы үшін жасалатын физикалық жаттығуларды да ұмытпаған жөн.
Көбіне арық адамдардың аяқтары мен қолдары жіңішке болып келеді. Тап осы мәселелерді тренажер залдарында жаттығу көмегімен шешу көзделеді. Тәжірибелі бапкер қандай жаттығу қолда, аяқта және басқа да проблемалық зоналарда бұлшықет массасының өсіміне жақсы әсер ететінін көрсетіп береді. Әдетте гантельмен және штангамен жасалатын және басқа да жаттығулар ұсынылады. Сонымен қатар қауызда жүзу мен велоспорт та тиімді болады.
Физикалық жаттығулардың басқа да мақсаттары бар. Белсене спортпен шұғылдану барысында арық адамдар өзінің тәбетін белсенді етеді және неғұрлым көп колорияларды пайдалана бастайды.
Психологиялық күй
Мүмкін сен байқаған боларсың, толық адамдар көбіне ақкөңілдікпен және баяу қозғалғыштықпен ерекшеленеді. Тап сол себептен, барлық салмақ қосуға зауқы бар адамдарға тамақтану режимін шамалап қана қоймай, сонымен қатар эмоциялық күйін тұрақтандыру қажет.
Түкке тұрғысыз заттарға күйгелектенуді және өз-өзіңізді жеуді доғарыңыз, өйткені ол басқаларды қинағандай болады. Өзіңді қандай болсаң да сол күйіңде – әдемі, өзінше қайталанбас тұлға ретінде сүюді үйрену қажет. Темекі, алкогольдік ішімдіктерден бас тарт, олар жүйке жүйесін қоздырып, еңбекпен жинаған салмақты жоғалтады.
Соңғы кеңес
Егер сенің күш сала отырып жасаған талпыныстарың оң нәтиже бермесе, міндетті түрде медициналық тексеруден өткенің абзал. Салмақтың себепсіз төмендеуі қандай да бір аурудың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Кез-келген ауруды емдеу оңай болады, егер уақытында дәрігерге жүгінсе.
Тағы бір айта кететін жағдай – гендік ерекшеліктер де болуы мүмкін. Егер сенің геніңде салмақ жетіспеушіліктер болса, онда ол сенің ауруың емес, тек ерекшелігің болып есептеледі.
Іске сәт!