Денсаулық пен Сұлулық фестивалі

Қыстың алғашқы күнінде Алматыда "Amira Clinic" компаниясының ұйымдастыруымен "Сұлулық пен денсаулық фестивалі" өтті. Фестиваль қонақтары дәрігерлерден сұрауға бата алмай жүрген барлық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алып қана қоймай, тегін консультация алды. Фестивальдің басты мақсаты да осы болды. Яғни елдің салауатты өмір салтын ұстануымен қатар, өз денсаулығына дұрыс қарау, күтім жасау және керек жағдайда пластикалық операция жасау. 

"Amira Clinic" компаниясының құрылтайшысы Зарина Амирханованың айтуы бойынша, пластикалық операцияға әр адамның келу тарихы әр түрлі. Орта жасы 30-45. Біреу жол апатына ұшырап, денесіне зақым келсе, біреу туа біткен кем-кетіктерін жөндеп жатады. Оның айтуынша, пластикалық операция қызметіне жүгінудің еш айыбы жоқ. 

Фестивальдің қонағы - докторк Дмитрий Шаменков. Ол фестиваль қонақтарына денсаулық күтіміне байланысты көптеген кеңестерін айтып жатты: "Қазір сырты бүтін, іші түтін болып жатқан дадамдар қаншама?! Ауру осыдан шығады емес пе?! Денсаулығың дұрыс болсын десең, біріншіден, ешуақытта өтірік айтпа. Адам күніне өзі білместен 10-15 рет өтірік айтады. Ол дұрыс емес. Шындықты айтуға ұмтыл. Екіншіден, таңертең оянғанда телефоныңа қарай бірден жүгіріп кетпе. Орныңнан асықпай тұр, есіңді жиып ал, күніңді жоспарла, терең демал. Үшіншіден, өкпелеме жіне өзгені ренжітпе. Кешірімді бол! Кешірім сұрауға арланба!"

Ұйымдастырушылар фестивальді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Пайдалы кеңестер ешуақытта артық болмайтыны хақ



Бөлісу: