7 қыркүйек күні қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қазақ Ұлттық Университетінде денешынықтыру жаттығулары жасалды.Студенттердің қатысуымен ұйымдастырылған бұл акцияның басты мақсаты:жастарға салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыруды насихаттау еді.Жаттығу жүргізу Университеттің спорт кешенінде өтіліп,біршама көңілді сергітерлік әндер шырқалып,билер биленді. Еліміздің әнұранымен басталған іс-шара,студенттердің бірге жасалған жаттығуларымен жалғасты.ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіқадыров өз сөзінде: «Қазақ Ұлттық университеті-Еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орындарының бірі,біз осы Университетте оқығанымызды мақтан ете тұра, «ҚазҰУ студенті» деген атқа лайық болуға тиістіміз»-деп, студенттерді қолдап,оларға серпін берді, «Қазақстан алға!», «ҚазҰУ алға!» деген ұран сөздерімен студенттерді жігерлендірді.Акцияның ең қызықты сәті Алматы қаласындағы гимназиялардан келген оқушылар мен студенттер қатар ойындарға қатысып,күш сынасуы болды.Спорт кешенінің оқытушылары жастарға қолдау көрсетіп,арнайы орындар тағайындап,сыйлықтар ұсынды.
«Халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек….» -деп,Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай,өскелең ұрпақ-біздің ертеңіміз болғандықтан олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай,осындай акцияларды көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз!