Денің сау болсын десең...

Денің сау болсын десең...
жеке
блог

   Қазақ халқының "Бірінші байлық-денсаулық","Дені саудың-жаны сау,жаны саудың-тәні сау"деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

    Қазақ қай кезде болсын,судың тұнығын ішіп,малына шөптің шүйгінін беріп,төрт түлігін түгендеп жүрген халық.Төрт түліктің ішінде жылқыны ерекше баптап, бие салып,қымыз даярлаған.

    Жылқы еті-қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.Ол қорытуға жеңіл,тез сіңеді.Қазіргі таңда жылқы етінен жасалған қазы-қарта,жал-жаяны білмейтін адам сирек,қай жерде де бұл тағамдар үлкен сұранысқа ие.

    Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем,өйткені оның құрамында В дәруменімен бірге В2,В12 дәрумендері бар.Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың ағзасында дәрумен алмасуының болатындығы да дәлелденген.Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.

    Қымыз адам ағзасына жан-жақты әсер етеді.Ол ас қорыту мүшелерінің,жүрек-қан тамырларының,жүйке жүйесі мен басқа да ағзалардың қызметін жақсартады.Қымыздың әсерінен физиологиялық және биохимиялық үдерістер күшейіп,зат алмасу қалпына келеді.

   Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды.Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан.Ал 1910 жылы Торғайда теміржол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.

                                                      Абай атындағы РММИ

                                                      10"В" сынып оқушысы

                                                       Тоқтарбекова Аяжан