Денис Теннің диетасы

Денис Теннің диетасы
жеке
блог

Жақында «Просто о финансах» журналының кезекті санын шығарғанбыз. Сонда жарық көрген біраз қызық деректерді massaget оқырмандарымен бөліскенді жөн көрдім. Көпшілігіміз бас қатыратын нәрсенің бірі – ол денені қалыпты жағдайда ұстау. Жаттығып, бұлшық етіміз бұлтиып тұрмағанымен күнделікті қарбаласта шаршап- шалдықпай жүргенді дұрыс санаймыз. «Жоқ, тым сымбатты болу керек» дегендер жаттығу залында тер төгіп жүр. Ал, жаттығу залынсыз денені қалыпты жағдайда ұстағыңыз келсе, чемпиондардан бір-екі кеңес. Белгілі фигурист Денис Тен ұсынған диета:

 Таңғы ас: сүйікті десерт

Түскі ас: көкөністер мен балық

Кешкі ас: омлет немесе сиыр, жылқы етінен стейк, жеміс.

Денистің бұл диетасы артық салмақтан арылып, толып кетпеуге, денені бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді екен. Дәл қазіргі салмағыңыз, дене бітіміңіз өзіңізге ұнаса, ары қарай не арықтап, не семіріп кеткіңіз келмесе онда чемпионның диетасын ұстағаныңыз дұрыс шығар.

Сурет Kaspi bank-тің «Просто о финансах» журналынан алынды.