Денис Теннің Алауы

24 - Мамырды ұзақ күттім десем артық айтпаймын. Үлкен бір серпіліс, үлкен бір әлем, үлкен бір шоу күтіп бардым. Оным және ақталды. Бұрын соңды мұндай шоу көрмеген біздерге 3 сағат бойы басқа әлемге түсіп кеткендей сезіндік. Алматы әкімдігі қолдаған бұл шоу расында үлкені бар, жасы бар, өз көрермендерін бір серпілтіп тастағаны рас.

Алибек Днишевтың орындауындағы халық әні «Япураймен» мұз айдына шыққан Денисті, зал қошаметпен қарсы алды. Үстіндегі костюмнен бастап, тіпті бидің кейбір элементтеріне қазақи қамшы басып мәнерлеп сырғанауы көзімізге жас үйірді...


Бар ынтамыз әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанау жұлдыздарын да болды. Ресейден: Татьяна Тотьмянина және Максим Маринин, Ф.Киркоровтың «Снег» әніне, романтикалық кеште тансып, табысқан екі жастың компазициялық сәтін тамашалай алсақ, Ураинадан келген Сергей Якименко Рекордқа кірген трюкімен халықты таңқалдырды. Владимир Беседина, Алексей Полищуктің юморлы нөмерлерінің өзінде өте қиын да, ауыр поддержканы залдағы көрермен көрді деп ойлаймын.


Кештің көркін кіргізген Қазақстандық шоу-биз өкілдеріңнің әнінде тыңдап қайттық.


ПС: суреттер ФБ-дан арнайы бетшесінен алынды.



Бөлісу: