Денис Тенді теңгемен теңеп....

Денис Тенді теңгемен теңеп....
жеке
блог

                                   

Фейсбукті ашып қарап едім,бәрінің айтатыны "Теңге де құлады,Тен де құлады"...Көріпкелдігі бар-ау деймін олардың,жаман жаққа қарай бұратын."Жақсы сөз жарым ырыс "дейді ғой .Соңына дейін неге шыдап бақпаймыз?Олимпиадаға аттанған спортшыларға да өте ауыр тапсырмалар жүктелді,ал қазақтар фейсбукке кіріп алып жан таласып жазып жатыр,Денис Тенді теңгемен салыстырудың не керегі бар екенін білмедім,журналистердің шығарып жүрген дүдәмәлі теңеулері ғой деймін.Мен ертеңіме сенемін...Бәрімізде сондаймыз.Ал фейсбуктағылар өз эмоцияларын білдіремін деп,өз  ойларынан хабар беріп қойды,ертеңгі шешуші күнге де шыдамады...Біздің беріктігіміз,біздің бірлігіміз,біздің қолдауымыз осы жерден байқалады.Қашан қазақ бір-біріне өлердей сеніп еді?Ешқашан!Біріміздің жамандығымыз немесе қателігіміз көрінсе күндеп қоя береміз...Айтпақшы,сол әлеуметтік желіде отқанымда маған бір қыз пікір қалдырыпты,"осы олимпиадаға ұлты қазақтар қатыспайдыма,қатысса нұр үстіне нұр болар еді" деп.Қазақтар балаларын қысқы спорт түрінен үйірмелерге бермейді,сөйте тұра осындай олимпиадаларда қазақтарды іздейміз деп жауап бердім.Өзімізде ғой кінә,бірақ мойындағымз келмейді....                                    

 Мен сенемін,ертеңіме сенемін!Мен сенемін,Алланың жазған тағдырының дұрыстығына сенемін!Мен сенемін,түрі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір қазақстанның әрбір өзге ұлт өкілдеріне сенемін.Мен барша қазақстандықтарға сенемін!Елбасыға сенемін!Және бүгінгі шешуші сәтте Денис Теннің әлемді мойындататынына сенемін!Ол медаль алсын,алмасын,мен үшін нағыз қазақ болып қала береді,фейсбуктегілерге айтарым,теріс пікірде болып отырғандар,қайсысыңыз әлемді мойындатып,қазақ елінде мәнерлеп сырғанаудың бар екенін дәлелдей алдыңыздар?Қайсысыңыз?Сіздерден мұндай қолдау  күтпедім...

Спортта түрлі жағдайлар орын алатынын ескерсек,бүгінгі күннен ғажайып дүние күтемін Денис Теннен.Бір таң қаларлық нәрсе орын алса,сосын Денис Тен олимпиада чемпионы болса....Менің ішкі қалауым,Алладан тілейтін тілегім ғой...Мен сияқты ойлайтын кім бар?Қолдау білдірейік соңына дейін!Алға Қазақстан!Алға қазақ спортшылары!Алға Денис Тен!Сенің қолыңнан келеді....Медаль таққан күн болғай бұл күнім!