Денис Тенді бүркітке теңеп....

Алақаййй!Алақай Қазақстан!Армандар орындалады екен,сенімдер ақталады екен!Оған тағы бір мәрте көзім жетті!Алақайййй!Алақайды айта бердім-ау!Денис Теннен күткен үміт,сенім ақталды!100 пайызға!Жарыстың бітуіне 4 адам қалған кезде теледидар көре алмадым,теледидардың егесі ауыстырып жіберді каналды.Интернеттен көре де алмайсың.Ал мен болсам ас бөлмеге барып алып ішімнен күйіндім,жыладым,өкіндім.Қалған екі фигурист аздау алса екен,ең болмаса Денис Тен қолаға ілінсе екен!Бұл оның екінші олимпиадасы ғой... Екінші,4 жыл күткен.Қалайша еңбегі елеусіз қалмақ деп ойладым. Күрсіндім... Және күнделігіме былай деп жазып та алдым сол кезде..." Денис Тенге бір медальды бұйырта гөр!4 жыл күткен медальды мойнына таға көр!О Аллах Тағала!Құдіретіңнің шексіздігіне тағы да иландыра гөр!" деп түртіп қойдым.Не істерімді білмей отырмын ас бөлмеде.Бітті,1 орыннан сырғыды ,әлі алдында 2-3 адам бар,сонда 4-5 орын алып қалама?-деп ойладым...Өйтіп-бүйтіп интернетке қолым жетті.Группалас досым Айдос екеуміз Денис Теннің әр қадамын аңдып отырғанбыз телефонмен сөйлесіп...Қола алатын сияқты деп қоямыз...Сонымен не керек Айдос хоңырау шалып Сүйіншілеп,қола медаль құтты болсын деді. Сөзіне сенбей тұрмын,9-шы орынна бірден 3-ке ,,, Ия, осылайша алғашқы медаль ,Сочиден,және мәнерлеп сырғанаудан!Жарайсың Денис!Қазақ елінің ұланы! Ұлан-байтақ мына жердің болашақ иегерлері, біздер,сені мақтан тұтамыз!Алар асуың мұнымен таусылмайтынына сенеміз!



Бөлісу: