Денсаулық адам баласына берілген аманат. «Дені саудың –жаны сау»- деп, тегін айтылмаса керек-ті. Әр-бір адам салауатты өмір салтын сақтай білсе , аурудың да алдын алатыны белгілі жайт. Яғни дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, аурудың алдын алып, өмір сүру адамның өмір сүру жасын ұзартатыны белгілі. Бірақ елімізге жалпы дүниежүзіне бір уақытта нақты емі жоқ аурудың белең алғанын білеміз.Коронавирус яғни тәж аруы талай жандардың өмір алып, дүниежүзі халқының басты мәселесі болғаны аян. Пандемия кезінде барлық қолдан келер жайды жасаған жағдайымыз бар. Коронавируспен күресу әлбетте халыққа оңайға соқпады. Тұтқиылдан келген бұл аурудың емі де табыла қоймай, халық есеңгіреп қалған еді. Бірақ, бұл аурудың құтылу,күресу жолдарын қарастырып, әр-түрлі тәсілдерге жүгінген едік. Қазақтың сары қымызын ,сорпасын ішіп, әл жинап, имунитеттті көтеріп, аурудан құлан –таза айыққан жандарда болды. Иә, бұл ауруды еңсеруге жеткіліксіздеу болды. Қимыл-қозғалыс жаттығулары, денені шынықтыру арқылы ғана тығырықтан шыға аллатынымызды байқадық. Коронавируспен аурып, төсекке танылған адамның тұруына денені шынықтыру керек болды. Дене жаттығуларын жасай отырып қана орнынан тұра алатыны белгілі еді.
Әлбетте дәрі-дәрмекпен, табиғи азық-түліктен толықтай жазылып кетпесімізді түсініп жаттық. Бұл аурудың мықты бір тұсы қозғалмаған адамды әлсіретіп жіберетінін байқадық. Қозғалас, спорт, сондай-ақ, түрлі қозғалыс жатттығулыры адамның еңсесін көтеріп, біртіндеп қалыпқа келтіретінінің куәсі болдық. Аурумен арпалысып жата беретін адамның ауруы меңдеп, имунитеті әлсіреп, өкпе қабынуына әкеліп тірелетінін бастан кешіріп, тек қозғалыс қана көмектесетіні бесенеден белгілі болды. Вирусты жұқпалы ауру жан-жағына тез жұғып, барынша тез таралады.
Зерттеу әдістері: Вирусты жұқтырып, тыныс алуы нашарлап, демікпе пайда болған адамдарға тыныс алу жаттығулары бірден -бір көмекке келеді. Ішке демін жайлап тарта отырып, мұрынмен жайлап шығарса өкпенің жұмыс жасауына үлкен мүмкіндік тудырады. Осы жаттығуды үнемі қайталай отырып, тыныс алу жолдарын аша түсіп, еркін демала түсуге пайдасын тигізеді.
Келесі жаттығу аурудан имунитеті әлсіреп жатып қалған адамды жайлап орнынан тұрғызып, екі қолын жоғары көтеріп, төмен түсірту. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталаса адамның денесі жеңілдеп қозғалыс пайда болып, ауру меңдеген дене жайлап қозғалысқа келеді. Осы жаттығуды үнемі жасай отырып, адам біртіндеп орнынан қозғалып ширай түседі. Міне, осындай жаттығулардың яғни дене жаттығуларының арқасында адамның имундық жүйесі мейілінше қалыптаса түседі. Үнемі қозғалыста болып, дене жаттығуларын жасай отырып, спортпен үздіксіз шұғылданған адамның кароновируспен күресе алуына әбден болады. Дене жаттығулары әрине имунды жүйеге пайдасын тигізе отырып, керілу, созылу жаттығулары арқылы адамның бұлшықеттері қатайып, қан айналымы жақсарып, қозғалысы арта түсіп өзін жеңіл сезіне түсуге әкеледі.
Талдау:Сондай-ақ, аурудан бойын үрей билеп, депрессиялық жағдайға түскен жандарға дене жаттығулары барынша пайдасын тигізеді.Денешынықтырудың яғни дене жаттығуларының каронавирусқа тигізер пайдасы мол екеніне көзіміз жете түсті. Қимыл-қозғалыс жасау арқылы жаныңның сау, денсаулығыңның мықты болатыны дәлелденген. Дененің әр бөлігіне арналған жаттығуларды жасай отыра, ауруға қарсы тұруға болады. Пандемия кезінде адамдардың дерлігі үнемі қимыл-қозғалыста болуға тырысты.
Қорытынды.Таңертең жүгіру, секіру денеге арналған жаттығулар жасау, жаяу серуендеу сияқты денешынықтыру әдістерін жасап, өкпенің дұрыс жасауына толықтай мүмкіндік беріп, тыныс алу жаттығуларын жасап,салауатты өмір салтын қалыптасыруға барынша тырысты деп айта аламыз. Әлем алаңдаған ауруды бүгінгі күнде тойтарып, барынша еңсерген жайымыз бар. Ендеше ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Ол үшін әлбетте спортты бірінші орынға қойып, жаман әдеттерден аулақ болып, мейілінше қимыл –қозғалыста болсақ нұр үстіне нұр болар еді.Спорт оның ішінде денешынықтыру адам өмір түрлі аурулардан сақтап, алдын –ала отырып, барынша көмегін тигізеді. Қазіргі уақытта денешынықтыру пәнінің мектеп қабырғасында басқа да оқу орнында барынша нәтежелі де жүйелі берілуінің арқасында оқушыларымыз бен жастарымыз спортты өздеріне серік ете отырып, күн тәртібіне енгізгенінің куәсі бола аламыз. «Спорт денсаулық кепілі»деген сөздің мағынасына осы короновирус кезінде тосқауыл болғанын дәлел ретінде алға тартып, үлкен әріппен көрсетуге болады.Спортты серік етейік,замандас!