Денеге сурет салу (наколка) шариғатқа қайшы ма?

Денеге сурет салу (наколка) шариғатқа қайшы ма?
жеке
блог

Денеге сурет салу шариғатқа қайшы. Себебі шариғат бойынша сурет салу немесе салдырудың үкімі - харам. Яғни тәнге сурет салуға тыйым салынған. Өйткені Алланың өте көркем түрде жаратқан тәнді өзгерткен болып саналады. Негізінде адам баласы мұндай жаман істерге шайтанның азғыруымен, бұйрығымен барады. Бұл туралы Алла тағала Құранның «Ниса» сүресінің 119-аятында ескерткен. Денеге сурет салу немесе салдыру сияқты мәселелердің негізі Исламнан бұрын болған. Яғни жәһилиет дәуірінде кейбір адамдар пұттарының суреттерін кеуделеріне, қолдарына сызып алатын. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Алла елшісінің лағнеті болсын» - деу арқылы қатаң түрде сурет салуға болмайтындығын ескерткен. Сондықтан денеге сурет салдырудан сақтанған жөн. Исламды кейіннен қабылдаған жан бұл істің харам екенін кеш білсе, денесіндегі суретті кетірген абзал. Ал кетпейтіндей болса Алладан кешірім сұрап тәубе жасау керек. Сондай-ақ қайтыс болғанда сурет салынған жерді кесіп алып тастайды деген дұрыс емес. Алла тағала шынайы ықылас, ниетпен жасалған тәубаны қабыл етуші. Алла елшісінің (с.ғ.с.) Амир ибн Асқа (р.а.): «Исламға кіру - бұрынғы күнәларды жояды» деген хадисі де осыны анықтай түседі.

 

Дұрыс түсінулеріңізді сұранам, денеге сурет салу, әрине біріншіден харам, екіншіден ол түрлі ауруларға шылдықтырады, бүгін болмаса да бірнеше жылдардан кейін...Достар, мені "қайдан шыққан молда" деп жатқан шығарсыздар?! Біреулерге менің блогтарым ұнамайтын да шығар... Меніңше ислам діні туралы да аз да болса мағлұмат алған дұрыс деп ойлаймын. Осы сайттын ашылғанына ризамын))).