Демікпеден жеңіл арылыңыз
блог
Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.
Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол [[өкпе эмфиземасы|өкпе эмфиземасына]] ұласады.
Бұл аты жаман ауруды емдеуде сексеуілді қолдануға болады. Сексеуілдің біздің республикада ақ, қара және Зайсан сексеуілі деп аталатын үш түрі кезігеді. Ол шөлді, құмдақ жерде өседі. Бұтағы иір, өте қатты, отын ретінде пайдаланылады, ішінде қара өзегі болады. Көкек пен мамыр айында гүл ашады.
Ал енді сексеуілдің емдік қасиеттеріне келер болсақ, назарларыңызға сексеуілдің демікпені емдейтін рецептерін ұсынамыз.
1.Егер гүлін жинап кептіріп, қағазға орап темекі орнына тартып жүрсе, демікпені тоқтатады.
2.Ал гүлін сабағымен қосып кесіп алып кептіріп, ұнтақтап, сол ұнтақтың 1 ас қасығын жарты литр қайнаған суға шай сияұты демдеп, күніне 50 грамнан үш рет 2 ай ішсе, демікпеге жақсы ем.
P.S. Құрметті оқырман күнделікті дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып жалпы айтқанда салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болсақ бұндай жаман дертке шалдықпаймыз. Бұл дерт көбіне бала кезде басталатындықтан балаларыңызды салауатты өмір салтын ұстануға шақырыңыздар.