Демікпе ауруы жайлы естуіңіз бар ма?

Демікпе ауруы жайлы естуіңіз бар ма?

Демікпе ұстамасы – бұл аллергиялық реакциялардың салдарынан болатын ауру. Дем алып, дем шығарғанда өкпеде сырыл немесе шуыл болады. Егер балаға ауа жетпей жатқан жағдай да оның тырнақтары мен еріні көгереді, тыныс алуы жиілей түседі. Әдетте ондай аурумен ауыратындарда дене температурасы көтерілмейді.

Демікпе жылына 2 рет мезгіл ауысқанда өршиді. Көктемде және күзде. Бұл кездерде мейлінше гипоаллергенді диета ұстап, берілген дәрілерді үздіксіз қабылдау қажет. Қатты асқынған жағдайда, дәрігерге қаралу керек.

Демікпенің алдында – тыныс тарылып, күшті жөтел ұстайды. Көбіне тыныс жолдары қабынып, қызарып ауруы, мұрынның аллергиялық ауруы түрінде дамиды.

Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойына жалғасады. Ол жұқпалы болмайды, бірақ кей балаларда тұқым қуалаушылықпен пайда болады. Бірақ уақыт өте келе бұл аурудың қалып кететін түрі болады. Ол үшін төмендегі берілген кеңестерді міндетті түрде орындау керек:

1. Алдымен сіз жататын бөлме таза болуы керек, шаң шығаратын (кітап, дәптер, кілем, перденің орнына жалюзи қолдансаңыз болады) заттар болмауы керек, бөлме күн көзі түсетін жерде болу керек және бөлмені кварцпен 2 рет тазалаған жөн.

2. Барынша аллергия тудыратын, демікпені өршітетін заттардан аулақ болу керек (газды сусындар, тәттілер, майлы тағамдар, кофе, какао, т.б)

3. Көп сұйықтық ішу керек.

4. Алкогольді ішімдіктер мен темекіні тұтынбаңыз. Ол сіздің өкпеңізді нашарлатады.

5. Ауасы таза, табиғаты керемет жерге қоныс аударыңыз. Бұл да аурудың қалып кетуіне өте үлкен септігін тигізеді.



Бөлісу: