"Уақытыңның бос өткені - өміріңнің бос өткені" демекші, күнделікті өмірімізді бір күндік телефон, интернет, ойын-сауық, ұйқы сияқты бейберекет нәрселермен өткізіп алып, уақытты уысымызда ұстай алмай қаламыз. Ал, уақыт шіркін тоқтар ма?!
Қыстың қақаған қара суығында жазды қанша аңсап едік! Не түрлі жоспарларымда болған. Ендігі жаздың қалай келгенінде сезбей қалдық. Осы жаздың алғашқы айы маусым да, әйтеуір, мектептің жырымен, ауа-райының құбылуымен өтіп кетті.
Енді нағыз жаз келді! Шілде айы! Қайнаған ыстық! Күн Ана бар жылуын аямайтын кез. Күні бойы Күн астында жүру қайда енді?! Осындай жылуды сонша күткенде Күн шуағын молырақ шаша қалса бойымызды тасалайтынымыз-ай! Сонымен, менің осындай шуақты мезгілде жаныма серік болатыны - кітап. Себебі, кітап - бар дүниенің қазынасы.
Жаз айындағы алғашқы жоспарым - "Абайды оқымаған қазақ қазақ емес" демекші, ұлы ақын жайлы "Абай жолы" романын оқу. Әр апта сайын романның 4 бөлімін оқып, соның ішінен өзіме ұнаған кейіпкерді сіздерге баяндайтын боламын.
Екінші жоспарым - ағылшын тілінің грамматикасын жетік меңгеру үшін "Ағылшын тілі ҰБТ-ға дайындық тест" кітабын аяқтау. Бұл кітапты аяқтауды алғашқы аптаға жоспарлап отырмын. Жалпы, ҰБТ тапсырмасаңыз да ағылшын тілінің грамматикасын үйренгіңіз келсе осы кітапты пайдалануға кеңес беремін.
Үшінші жоспарым - Оскар Уайльдтің ертегілеріне саяхат жасау, яғни 6 аптада алты ертегіні оқып, сіздерге қызықты қылып жеткізетін боламын.
Менің алдыма осы мақсаттарды қойған себебім, ең алдымен Абайдың терең философиясын түсіну. Содан кейін менің ағылшын тілі деңгейім Elementary болғандықтан грамматикамды жетілдіремін. Ал, ағылшын ертегілерін оқу себебім, әрине, өзге елдің ертегілерін оқыған қызықты деп ойлаймын.
Жоғары да айтып өткенімдей мақсатымызға телефон, интернеттен басқа бізге жалқаулық, ықылассыздық, іске деген баяулық кедергі келтіреді. Шапшаң әрі жылдам қимылдайық, достар!
Жекелей және топтық жеңістің маңызына келсек мен екеуінің де жоғары жетістікке жеткенін қалар едім, себебі кемедегінің жаны бір. Алдағы уақытта "Хан Tengri" тобының жеңісі үшін күш салатын боламын.
Байқаудан қандай нәтиже көргің келеді десеңіздер, мен ешқандай оқыс кедергі болып қалмаса қандай да болсын кедергіден тайсалмайтын боламын! Ал байқау соңында жеңіске жетіп жатсақ марапаттау Массагет порталында өтсе, байқаудағы достарымды көрсем деген тілегім бар.
P.S. Демалыстарыңыз сәтті өтіп, мақсаттарыңызға жете беріңіздер!