Демалыс күндері не істедім?

Осы демалыс күндері мен үшін қызықтарға толы болды.

"Өйткені бұл менің сүйікті тобым!" сенбі күні бұл сөздерді анама қанша рет қайталағанымды білмеймін) Анам соншалықты баруымды өтінген туыстарымыздың тойына бармаған себебім, сол бір украиндық "Бумбокс" деген топ) Әсіресе топтың солисті бәріне де кінәлі:)

Не керек, "Тот самый бар"-дың туған күніне сол топ келетін болып, Жанның Саясын тартқылап, концертке баратын болдық. Адам көп, музыка дауысы керемет және де сүйікті топ... Әсіресе тірі концерттер әрқашан маған қатты әсер ететін. Әртістің құлшына өлеңге, көрермендерге берілуін көру менің жүрегімде әрдайым төңкеріс жасайтын. Осы жолы да сондай болды. Солист ұят та болса атын білмедім бүкіл зал бірігіп өлеңін айтқанда, жылап жібере жаздады:) Иә...шыны керек сенбілік кеш жақсы өтті. Ұйықтар кезде де концерттің шуылдаған үні құлақта тұрды. Мәз болып жымиып қойып, тәтті ұйқыға кеттім. 

Келесі күні мені тағы да бір қызық шара күтіп тұрды. Ол Қазақстанда үшінші рет шығарылып жатқан комикстер жинағының көрмесі. 

Көрме студенттердің ұйымдастыруымен өткізілсе де өте сауатты әрі тартымды болды. Әсіресе өзім бала кезімде қызығып оқыған комикстер әлеміне тағы да бір үңілу маған риясыз қуаныш сыйлады. Қазақ батырларының оқиғасын көрсететін комикстердің болғаны да бізді қуантты. Оның қалай болғаны жайлы және суреттерді "Екпін"-нен оқып, көре аласыздар. 

Сөйтіп, менің демалыс күндерім де аяқталды. Енді қуана-қуана сабаққа кірісеміз. Айтпақшы барлық студент қауымын екінші семестрдің басталуымен құттықтаймын! Сабақтарыңыз жемісті де, қызықты өте берсін:)



Бөлісу: