Демалыс. Хоккей. Спорт мерекесі

Өткен демалыс күні Алматы мен Астана қалаларында хоккейден жарыс өтті. Ашық мұз айдынында бақ сынасқан хоккей ойыншылары екі күн қатарынан тартысты ойын көрсетті. Астанадан 15 команда, Алматыдан 20 команда тіркеліп, 4х4 ойында «Бригантина» және «Трехногие» командасы жеңіске жетті. Екі қаланың жеңімпаздары 23 ақпанда Мәскеуде өтетін финалға жолдама алды.

Спорт жарысына қатысқан жандардың барлығы да хоккейсүйер қауым, кәсіби спортшылар мен жаттықтырушылар да бар. Ең жас қатысушы 16 жаста, ең үлкені зейнет жасында. Тіпті, қыз балалар да ойнады. Тек зейнеткерлерден құралған команда да қатысып, жақсы ойын көрсетті.

Жарыс Алматы және Астана қалаларының әкімдігі, Red Bull компаниясы, Sport Concept ҚҚ, НСК сақтандыру қоры, Алматы хоккей федерациясы, Hardees Kazakhstan, Shaiba.kz, Vesti.kz сайттарының қолдауымен өтті. «Red Bull Шлем и Краги» жарысы Ресейдің 17 қаласында 4 жыл қатарынан өткзіліп келеді. 23 ақпанда суперфиналда барлық жеңімпаздар Мәскеудегі Жеңіс саябағында бас қосады.

 



Бөлісу: