Деграде дегенміз - шаштың ашық түстен басталып, қою түске (немесе керісінше) бірқалыпты боялуы. Бұл бояу техникасын тағы омбре, балаяж, балияж, dip dye және тағы басқалай да атай береді. Шаштың түсі арқалай болуы да мүмкін, шаштың түсі табиғи болып, ұшын сарғайтса да немес керісінше қарайтса да болады. Ал немесе шашты екі түске бөліп бояса да болады; бірін сарғыш реңкпен, бірін қоюлау( тоқ түстер) реңкпен. Фантазияға шек қойылмайды, ашық қызылдан бастап, қою көкке дейінгі түстермен боясаңыз да өз еркіңіз.
Бір жақсысы, шаштың бұл бояу түрі кез-келген аруға жараса кетеді. Егер сіз бір дегеннен өзгере кетуге қорықсаңыз, егер сіз шашыңызға эксперимент жасауға қорықсаңыз және сәннен қалмаймын десеңіз, онда осы әдіспен шашыңызды қорықпай бояңыз.
Бірақ, бір айта кетеніні егер шаштың түсін бірқалыпты өзгертсе әдемірек көрінеді. Түсті үйлестіре білу керек, енді оны маманға тапсырыңыз, сол дұрыс шешеді.
Ал төменде шетел жұлдыздарының деграде техникасында боялған шаш үлгілерінен суреттер:
Ал енді, Азия жұлдыздарына қалай екенін байқалық:
Суреттер интернет көздерінен алынды.