Дебат ойыны
блог
Қазақ сөзді құдіретті күш деп таныған халық. «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дейтін мақалдардың барлығы сөздің құдіретті күш екенін, сондықтан да сөзге аса жауапкершілікпен қарап, оның төркін түйінін түсіне алатын түйсік болуын талап ететіндігін айтады. Алайда бүгінде қаншалықты осы сөздің түп төркініне жете сөйлеп жүргеніміз бәрімізге аян. Дегенмен, қазіргі жастар арасында орынды жерде ұтымды сөз айта алатын жастарымыз да жоқ емес. Осы сөзімнің дәлелі ретінде пікірталас, яғни дебат ойнын ойнап жүрегн жастарды атап өткім келеді. Себебі,дебат ойындары- сөзді «қиыннан қиыстыратын» тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы, сөз барымтасы.Себебі, орынды жерде өз ойын дөп басып айта алатын адам қай заманда болмасын өз ортасының айнасы іспетті, өйткені тыңдаушыны өз сөзіне иландыру мақсатында еркін, көркем, әдеби,сөздің тек жауhарларымен сөйлейді. Алысқа ұзамай-ақ өзіміздің университетімізді алайық. Бізде қазіргі таңда дебат ойнына аса қызығушылықпен қарап журген жастар бар, қазақ лигасында да орыс лигасында да. Қазіргі таңда олар қалалық, обылыстық, тіпті десеңіз республика көлеміндегі жарыстарға шығып жүр.Қоржындарында жүлделі сыйлықтары да жоқ емес. Қазақ лигасында Нұрғожаев Шыңғыстың бастауымен «Ерекше көзқарас», «Айтары бар» сынды танымал командалар болса, орыс лигасында да Жақұпов Арсеннің соңынан ерген бірнеше команда бар. Мақтағаным емес, осы ортаға түссең расында да көңіліңнің айызы қанады.Себебі, бұл орта- талантты, дарынды, және тілге жүйрік ой өрісі кең жастар ордасы десек те болады. Дебат ойнының ерекшелігі сол сен үкімет атынан сөйлеп саясатқа да араласа аласың, халықтың мұңын мұңдап оппазициялық тараптан да өзіңнің конструктивті сөзіңді айта аласың.Яғни, қоғамдағы жағымсыз қылық пен озбырлықты, ащы шындықты, үкіметтің әділетсіздігі, я оның мақтауға тұрарлық жақтарын дөп басып айтады. Сонымен қатар дебат ораторлық өнерге де үйретеді, өз ортаңда өзіңді қалай ұстау, орынды сөйлеуді, ойыңды еркін қысылмай жеткізуді үйретеді. Осы бір ойынды сонша мақтағаны нес деп отырған шығарсыздар, осы мақаламды жазудағы мақсатым да сол сіздерді осы бір ортаға шақыру. Бірде бір ағамыз: «Келешек ел басқарушылар- дебат ойыншылары»,-деп айтқан еді, ендеше, көзі қарақты білімді жастар дебат ойнаңыздар, ортамызға келіңіздер бір бірімізден алатынымыз бен береріміз көп болсын. Дебат ойыны ешқашан ұмыт болып кетпесін. Өйткені, дебат- ұтымды ой, үздік образ, шешендік сөздер тудыратын дарындылар ойыны!!