Де Моппасан "Аяулы дос"

 

Бастамас бұрын, алдымен кітаптағы мына бір өмірлік фразаны жаза кетсем, артық болмас: «Махаббат сөздері әрдайым бірдей болып келеді, - ол сөздерді кімнің айтқаны маңыздырақ рөл ойнайды».

Алғашқы 50 бетінен кейін ерекше нәрсені күтуді доғарған алғашқы кітап. Таң қалдырары, әр оқылған беттері мені кітапқа тереңірек тарта түсті. Жорж Дюруа – жағымсыз кейіпкер ме? Біздің заманымызда емес... Барлығымыз ересек жан ретінде сүттің қалай қаймаққа айналатынын жақсы білеміз.

«Мақсат сенімді ақтайды». Бұны мойындамай, қарсы шығып, мүлдем жоққа шығаруға да болады, алайда, көзі ашық, іскер жанды кездестіру қиын емес, әсіресе біздің заманымызда.

Мен басты кейіпкерді қызыға отыра бақыладым. Өзінің сыртқы бейнесімен ғана емес, зеректігі мен ақылдылығын көрсете білетін жандар мені әрдайым қызықтыратын. Жорж Дюруа жоғарыда айтылып кеткен барлық қасиеттерді қолдана отырып, халықты алдайтын жандарды сабасына түсіре алады. Мысалы, Мадлену Форестьены алып қарайық. Ол өзінің кіммен байланысқанын түсінерліктей, өте ақылды әйел. Дәл осылай Клотильда Де Марсель жайлы да айтсақ болады.

Жорж Дюруаның образын қарай отырып, оның мақсаттары мен өмірлік ұстанымдары бізді: «Бақытты жан деп, сол бақытты ақшадан көретінді айтпаймыз ба?» - деген еріксіз сұрақтарға жауап іздеуге алып келеді. Кішкене жетістіктің өзі бақыт емес пе, әсіресе, жүрегімізден махаббатты алып тастар болсақ...

Пәлеқор Жорж дюруаның оқиғасы мені қызықтыра алды. Менің ойымша ол өзі үшін жауап бере алатын, қиындықтардан оңай шыға алатын, зерек, қу жан. Жас кезінде дымы жоқ, жас жігіттен, бай, дәулетті адамға айналады.



Бөлісу: