Дәйекшесі бар жобада дыбыстар үндестігі бұзылғандығы туралы.

Дәйекше қосымша таңба болып жазылғандықтан сөздердің ұзаратыны сөзсіз. Оны жазу үшін екі рет таңба іздеп, екі рет басу керек. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей түбір сөздердің 90% дәйекше кездеседі. Бірақ ол тек қана осы сөздермен шектеліп қалады деген сөз емес. Өйткенді «г» дыбысы жіңішке буынға бітетін зат есімдердің барыс септігінің құрамында, ал «ң» дыбысы ілік септігінің құрамында бәріне жалғанады. «Ш» дыбысы кез келген етістікке жалғанатын жалғауда бар.  Сөйтіп сөзіміз шамамен 30% ұзаратынын болжауға болады. 

Дәйекшенің таңбасы әріпке қарағанда ноқат қана. Ол өшіп қалатын болса, немесе қағазға шаң түсіп, ноқатсыз әріптің қасына тұра қалса, сөйлемнің мағынасы лағып кетеді.  

Ахметтің дәйекшесі қомақты болатын және тек қана бір қызмет атқаратын еді: ол сөздің жуан, не жіңішке екенін анықтайтын. Және әрбір әріпке дәйекше қою міндетті емес еді! Сөздің басына бір дәйекше болса, сөз жіңішке болып, әрі қарай қандай жалғау жалғанатыны оңай болатын еді!

Ал кәзіргі дәйекше (фокусник) сиқыршы:

1)       «н»-ны «ң»-ға айналдырады.

2)       «с»-ны «ш»-ға айналдырады.

3)       «г»-ны «ғ»-ға айналдырады.

4)       Жуан дауыстыларды жіңішкертеді. Бірақ бәрін емес. Негізі «ы»-ны жіңішкертсе дұрыс болар еді. Бірақ олай емес, әттең!

5)       дауысты дыбыс «і»-ні дауыссыз «й»-ге, дауысты дыбыс «ы»-ны дауыссыз «у»-ға айналдырады. Тілешов мырзаның «Алдымен қазақтың дыбыстық жүйесі ескерілді»,-дегені қайда? «І» мен «й» және «ы» мен «у» қай жерімен үндеседі екен! Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын дыбыстар! Керісінше қазақ тілін жойғысы келгендердің арманы орындалды! «і» дыбысына басқа тілдерде «й» дыбысын беретін әріппен белгілейді және оған дәйекше қосып оны «й» деп ата дейді. «і» дыбысының аяқ-қолын дәйекшемен буып «й» болдың деп айтып тұр. Қазақтың «і» дыбысын жоқ қылуды қазақтың емлесі арқылы іске асыру емес пе? Нағыз жаудың әрекеті! Ал  «ы» мен «у» тура осындай болып дуаланған! Оның қай жаққа шығаратынын уақыт көрсетер.

Сөйтіп қолданылу мақсаты әртүрлі болғандықтан дәйекшесі бар сөзді оқу үшін әрбір әріпті ежіктеп бас қатыру керек. Ал сөйлем ше! Ондай сөйлемді оқыған адамның сілесі қататын шығар! Бұл қазақ тілді басылымдарға оқырман қосатынына күмәндімін! Керісінше сөздері 30 пайызға ұзарып, көп орын алып, қарызға белшесінен бататын шығар.

Ұлы дания ғалымы Вильгельм Томсен 1893 жылы 15 желтоқсанда Орхон-Енисей жазбаларының (көшірмесі Еуразиялық ұлттық университетте тұр) түркі тілдестер жазуы екені туралы баяндама жасағанда «Жазбаның оқылуына көмектескен заңлылық-ол жазудағы әріптердің дыбыстар үндестігі заңына сәйкестігі»,-деп айтқан болатын.

Бұдан бұрынғы мақаламда «о» дыбысы мен «і» дыбысы қатар келіп, біздің қасиетті дауыстылардың үндестік заңы (сингармонизм) бұзылып тұрғанын айтқанмын. Зерттеу нәтижесінде бұл заңдылық бүкіл дауыстыларға таралатынын көрдім, оны өздеріңізге ұсынылған мақаламдағы фрагменттерден-ақ көріп, көз жеткіулеріңізге болады. Ана «дәйекшесі» бар сөздерді оқыған Вильгельм Томсеннің ұрпақтары ондай жазуды түркі тілдестерге жатқызбайтындығы даусыз!

Мына «дәйекшелі» жоба қазақтың  дыбыстар үндестігі заңын тас-талқан етіп, оны қайта жазуға тура келтіреді. Сондықтан бұл жобаны қабылдауға жол беруге болмайды!

Бұл қателіктердің ешқайсысы кездеспейтін жоба бар. Ол жоба туралы төмендегі сілтемелерден оқи аласыз. 

Сүйінші халайық! Мен бүгін қазақ сөздерін қалпына келтіретін программа жазып болдым

2017 жылы 9 қазанда Елбасыға көрсетілген қазақ әліпбиінің жобасында шексіз көп қателер бар екен!

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.2

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.1

            Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті.

Диграф қолданылатын жобалардың түзетілмейтін қателері

Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау керек

Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.

Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым

Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті

https://vk.com/doc239758952_450677576

Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт

Кейбір пікірталастардан үзінді

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады

Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Ертегілер

Мақта қыз бен мысық,

Бір үзім нан,

Алтын сақа,

Тазша бала

 

 

 



Бөлісу: