Давид Лория айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан құрамасының қақпашысы болған, қазіргі таңда "Қайрат" клубының қақпашысы Давид Лория "Туиттер" әлеуметтік желісі арқылы Ораза айт мерекесімен құттықтауын жолдады. "Вайрам муберек олсун" деп жариялаған Давидтің мұсылманшылыққа құрмет көрсетуді Түркия елінде жүріп үйренгенін байқауға болады. Осы жақында "Шахтердің" чемпиондар лигасының үшінші іріктеу ойынының қарымта кездесуінде "Қазақстан" ұлттық арнасының комментаторлары еліміздегі әлеуметтік желілерде туркелген футболшыларына шолу жасағанын атап өткен болатын. Әзірге біздің футболшыларымыз немесе аяқдопшыларымыз ол жағынан ақсаңқырап тұр екен. Мәліметтерге қарағанда санаулы-ақ футболшылар тіркелген. Оның өзі вконтакте, фэисбук, туиттерде. Сол аталған футболшылардың арасында осы Давид Лория мен Самат Сымақовтың "туиттерде" өз ойымен бөлісіп тұратынын айтқан болатын. Міне, бүгін өз парақшасында осындай құттықтауын жолдап отырған Давидтің бастамасы басқа футболшыларымызға үлгі боларлықтай ау деген ой келіп отыр.  



Бөлісу: