Дауысына қарап адамның қандай екенін ажыратуға болады - маман

Дауысына қарап адамның қандай екенін ажыратуға болады - маман
жеке
блог

-Сіздің ойыңызша, бүкіл адам өз дауысын жақсарта ала ма? Ол үшін не істеу керек?

Сіз кәсіпкер болуыңыз мүмкін. Сіз үшін саудаңыздың жүруі мен адамдар арасында сыйлы болуыңыз маңызды. Ал ол өзіңіздің дауысыңызға тікелей байланысты. Адам дауысының маңызы жоғары . Көпке әсерлі болу үшін оның біріншіден, тембрі  екіншіден, энергиясы мен  харизмасы ал үшіншіден, даусыңыз анық таза шығуы керек. Оған арнайы артикуляциялық жаттығулар жасап, дауысыңызды бұрынғыдан да жақсартуға болады. Кейбір адамдар өмір бойы өз даусына мән бермей, астыңғы жағы ғана қозғалып сөйлеп жүре беретін адамдар бар. Әрине, әркімнің өз таңдауы. Бірақ әрбір адам дауысын өзгерте алатынын білсе деймін. 

 

Кез келген адам актерлер сияқты таза, анық дауысқа оп-оңай жете алады. Актерлер өз дауысын білім ордасында жүріп-ақ әртүрлі жаттығулардың арқасында қойып алады. Әр адам бір апта ішінде дикция жаттығуларын тұрақты жасау арқылы өз дауысын реттей алады. Бүкіл бизнес тренерлер мен әншілердің дауысын алып қарасақ, көбіне  анық әрі әдемі шығатынын байқаған боларсыз. Әрине, олар үздіксіз өзін дамытумен жүреді. Бастысы, олар дикциясын жақсарту үшін жаттығу жасайды. Мұндай жаттығуды үйде де жасауға болады. 

 

-Дауыстың дұрыс шықпауы немен байланысты? Мәселен, жейтін азығымыздан болуы мүмкін бе?

Тамақтың қарылып қалуы, дауыстың дұрыс шықпай қалуының себептерінің бірі майлы тамақты асыра сілтеп жеудің кесірінен. Мейлінше, шемішке шағуды шектеген жөн. Адам майлы тамақты нақты нормамен тұтынып, шемішкені шақпаған кезде ғана даусымыз таза анық шығады.  Майлы тамақты көп жеген кезде көмей маңайын жауып тастайды. Дауыс резонаторларының бәрі бітеліп қалады. Әр адам өз даусына күтім жасауы керек. 

 

-Өз әлеуметтік желіңізде қазақ тілінің қазіргі мәселесіне қатысты ой айтыпсыз. Жалпы, оның дамуы үшін не істеу керек?

Біз қазақ тілі мәселесі қорланып жатыр, қазақ тілі қолданылмай жатыр деген жаңалықтарды көп оқимыз. Алайда, өзіміз ол тілде жұмыс істеп жатырмыз ба? Мәселен, мектептегі ұстаздар оқушыларға әрбір қазақ тіліндегі сөздің анық айтылуы керегін түсіндіріп жатыр ма?  Үйдегі  ата-аналар ше? Бұны  өзімізден бастамасақ болмайды. Біз өз тіліміздегі әрбір сөзді әдемі қолданып, дұрыс жазсақ қана тіл мәселесін біршама шеше аламыз. Өскелең ұрпаққа да жөнді тәрбие бере аламыз. Тілді қазірдің өзінде әдемі сұрақ қойып, жақсы жазбаша жауап бермесек, келешегі не болмақ? 

 

-Дикцияның анық болуы қаншалықты маңызды? 

Харизмаға толы болу үшін сізде ең алдымен сенімділік болу қажет. Ол үшін әрбір сөзіңіз анық, сенімді түрде шығуы тиіс. Кейбір адамдар көпшіліктің алдына шыққан кезде сөзі ұзақ әрі ішпыстырарлықтай болып жатады. Қазіргі кезде ондай сөздердің өтуі қиын. Аюдай денеміздің болғанынан не қайыр? егер сахнаның алдында, көпшіліктің алдында сөйлей алмай қалтырап қалсақ. Бұны қиындық санап керек емес. Тек білім іздеуге мүмкіндік беруіңіз керек.

 

-Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет

 мақала BAQ.KZ сайтында жарияланған