Дауыстап досыңызға оқып беріңізші!.. Мен олай істей алмаймын.
блог
Жыл соңынан жыл қуып, уақыт шіркін сынаптай сырғып өтіп барады. Күн дегенің секунд секілді, көзді ашып жұмғанша келесі күн басталып кетеді. Бір уақыттары бізде балаларымыздай сәби болған едік. Ата-анамыздың жексенбіде немесе мереке күндері қолымыздан жетектеп хайуанаттар бағына немесе саябақтарға талай рет алып барғаны көз алдымызда. Ал бүгін болса біздің барша алаңымыз өз балаларымыз болып қалды.
Анамыз өмірден өткен соң әкеміз жалғыздық дертімен қайғыра қайғыра, ерте қартайып жас сәбидей ынжық болып қалды. Болар болмасқа ашуланып қала береді, өкпелегіш ақ.
Менде қартайсам осындай боларма екенмін. Жас баладай жылай береді. Бүгін ауа райы жағымды болғандығы үшін ауламыздығы сәкіге сергу үшін шығып отырдық. Жексенбі... Жұмысқа бармаймын... Отырысымыз бар еді, бірақ кешкілік. Біраз «папаның» жанында отырмасам, миымды қағып қолыма ұстатары анық.
Әкемнің істейтін ісі жоқ, ауладағы құстарды, гүлдерді тамашалап жанымда отырады. Мен болсам әдеттегіше газеттен бизнес жаңалықтарын қарап отырмын.
- Балам, бұл не?- деп сұрады әкем, ағаш бұтағына қонған құсты қолымен меңзеп.
- Торғай, - деп жауап бердім мен.
Көздеріде нұрын жоғалта бастағандықтан ұсақ түйікті байқай бермейді.
-Не бұл? – қайта сұрады әкем, дыбыс естілген жақа қарап.
-Әке! Жаңа ғана айттым ғой, торғай!
Арадан бір минутта уақыт өтпестен және көрінген сұлбаны сұрады:
-Балам, не бұл?
-Бұл торғай әке! Торғай! Т-О-Р-Ғ-А-Й!
-Анаусы ше?
-Неге қайта қайта сұрай бересіз? Қайта қайта сізге айта беруім керекпе? Неге есте қалмайма? – ашулана жауап бердім мен. Уже сабырым қалмаған еді.
Әкем ақырын сәкіден тұрып үйге қарай бет алды.
-Қайда кеттіңіз?-сұрадым мен.
Әкем болса қолымен осында қал дегендей белгі беріп үйге кіріп кетті.
“Папа” ашуланғанға ұқсайды. Азғана қопалдық таныттым ау.
Көп өтпей әкем қайтып келді. Қолында кітабыма, әлде дәптерме бар.
Ақырын сәкіге отырып, әкем дәптерінің керекті бетін тапқан соң, маған оқы дегендей қолыма берді:
-Мына жерін оқы-деді әкем және:
-Бар дауысыңмен дауысыңды шығарып оқы-деді де, бақша жақа қарай қарап отырды.
Мен дәптердегі жазбаны оқи бастадым:
“Бүгін мен өзімнің 3 жасар ұлыммен, саябаққа барып серуендедік.
Біздің жанымызға бір торғай келіп қонды.
Ұлым меннен 21 рет сұрады:
-Бұл не-деді.
Мен де 21 рет жауап бердім:
-Бұл….. торғай.
Әр сәт ұлым сұрағанда, мен оны бауырыма қатты қыстым. Ол болса қайта қайта сұрай берді. Менің болса еш ашуым келмеді, балдай менің мейірімді ұлымнан.”
Дәптердегі жазуды соңына дейін оқи алмадым. Тамағыма бір нәрсе тығылып қалғандай. Ішімнен бірдеңе шығып кеңірдегіме ұрылды. Көкірегім сығылып, көздерімнен бірдеңе атылып сызылып шығып жатты. Осыншалықты тасбауыр, тасжүрек болып кеткенмінбе?
Әкешім,асылым, өмірім менің.
Әкемді бауырыма басып қатты - қатты құшақтадым....