Бір күні Қожанасырға танысы келіп, бір даулы іске жалған куәлік жаса деп жалбарынады. Қожа жарайды деп амалсыз келіседі. Сотқа келгесін хәкім Қожанасырдан :
- Сіз даушының мына бір адамға бір пұт бидай бергенін өз көзіңізбен
көрдіңіз бе ? — деп сұрайды.
- Даушы бұл кісіге бір пұт арпа берді,- дейді Қожанасыр.
- Бұл адам бидай даулап отыр, сіз арпа дейсіз. Бұл қалай?
- Жалған болған соң бидайы не, арпасы не бәрібір емес пе?- депті
Қожанасыр. (Әулиенің журегі бала сияқты өтірікті қаламайды.
Мысалға Шәкәрім (р.ғ) айтады:
Тазалыққа тағы жеттім, Балалықты қуып жеттім. Жоғары ғаршыдан өттім,
Осыны шыңдаған көңіл !)