Даулы іс

Даулы іс
жеке
блог

 

Бір күні Қожанасырға танысы келіп, бір даулы іске жалған куәлік жаса деп жалбарынады. Қожа жарайды деп амалсыз келіседі. Сотқа келгесін хәкім Қожанасырдан :

-  Сіз даушының мына бір адамға бір пұт бидай бергенін өз көзіңізбен
көрдіңіз бе ? — деп сұрайды.

-         Даушы бұл кісіге бір пұт арпа берді,- дейді Қожанасыр.

-         Бұл адам бидай даулап отыр, сіз арпа дейсіз. Бұл қалай?

-         Жалған болған соң бидайы не, арпасы не бәрібір емес пе?- депті
Қожанасыр.   (Әулиенің журегі бала  сияқты   өтірікті қаламайды.
Мысалға Шәкәрім (р.ғ) айтады:

Тазалыққа тағы жеттім, Балалықты қуып жеттім. Жоғары ғаршыдан өттім,

Осыны шыңдаған көңіл !)