..........даттаушы досқа,!..

..........даттаушы досқа,!..
жеке
блог

  «Әр адамның өз шындығы бар»  дегенді тереңмен түйсінгенім бе, өзгенің өзімшіл ойларын, өзіме қатысты, оларша өзекті  өсек өрімдердің өміріме,көңіліме еш әсері тимеуі, бағытын көздеген мақсатымның тұлпар жүйрігі, жолшыбай  артынан үргенге  аяңдап қалмай, арман аспанының астында, иман күшімен қанаттанып, ертеңнің ертегісіне сенетіні, ғазиз жүректегі   «адамзат», «қоғам» деген кесек ұғымдар мазмұнына кір түсіртпеуі, әзиз көңілдің көгінен, көктемнің көгершіндерін көшіріп жіберген емес...

     Жанның жақсыға ұмтылуы, жамандықтан, надандықтан да жақсыны көре білуі сабырға сыйдырады. Надандықтың өне бойынан не жақсылық көрінсін? Жақсыны көруге тырысу дегенім -    өзің үшін, сырт көзбен жирене қарау, бұл қылық әрекеттің жақсы атау бермейтінін білу,өзіңді сол қалыптан уақынан бұрын  сақтап қалу.

Адамның кілті аспанның аясында... Иә,  Жүректе иман нұры болмағасын, тоғыз күнәні маңдайыңа жинайтын тіл байғұстың кінәсі қанша? Өз бауырының етін жеген кейіптегі пендені көргендегі мұсылман қорқынышы,соңғы таразы есебімен ескертілгенін, есте ұстасақ, өзгені көзі жоқта ғайбаттау, көзіне айталмаған,дұрысы, айта алмаған  сөзіңді,  өзгеге қанша қайтала, ол ешқашан мақсатыңдағы арманыңа, кеудеңдегі қуыстыққа, тілегіңдегі молшылыққа,адамзат өмір сүретін ғаламат жер шарындағы ізгіліктің алаңы- достыққа жалын ұстатпайды. От күйдірген тәннен жан ұшып, азап аралатар базар дүниенің ойыншығы болу –қасірет!

Сөзден қуат алар, сөздің ащысын сүйегімен сезген, сөз атасын сыйлаған, қара қария мен ақ кемешекті әжетайым «көп сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра» дей отырып немерелеріне ғасырлық ғұмырлары туралы айтқан өсиеттерімен  өнеге еткені   -  «өтірік» пен «өсек» өлшемі  «өліммен» тең....