Дәстүрлі журналистика тозды ма?

Қазіргі таңда өздерін “блогер” дейтін ақпарат таратушылар саны жетерлік. Дәстүрлі журналистика мұның салдарынан ескіре ме, қажетсіз болып қалады ма деген сұрақтар да халық арасында жиі туындайды.
Цифрлық журналистика көптеген артықшылықтарға ие. Алайда, бұрыннан бері ақпаратты газеттен, теледидардан, радиодан алатындар үшін 21 ғасырдың технологияларына үйрену оңай емес. Себебі, масс медиада жаңалықтар легі шексіз. Дегенмен, онда цензура мен этика сақталмайтын жағдайлар көп. Өйткені, блогтарда аудитория өзі ақпарат дайындап, сол ақпаратты өзі таратады. Авторлардың да қаншалықты шынайы мәлімет беретіндерінде күмән болады. Ал, дәстүрлі БАҚ-да журналистер кәсіби деңгейде хабарды дәл жеткізуге тырысады. Сондықтан, журналистиканың  қалыпты түрі ешқашан қажетсіз болып қалмайтындығына мен сенемін. Бірақ, заман талабына сай жастар аудиториясы үшін цифрлық журналистиканы ары қарай дамыту қажет. Бүгінде олар әлеуметтік желілерде жаңалықтарды бір-бірімен талқылап, пікір қалдырып, өздерінің парақшаларына салып қоя алады. Тіпті газет редакциялары да онлайн сайттар ашып, мақалалардың PDF нұсқаларын сол жерде жариялайды.
Қысқасы, цифрлық журналистика саласы әрдайым жаңарып, өркендеп отырса да, журналистиканың дәстүрлі жанры жоғалмайды деп ойлаймын, себебі ол ақпарат саласының негізі және бастамасы.



Бөлісу: