Дәстүрді технология көркемөнеріне көшіру

Сіз көшеде ілініп тұрған әдемі, мәнді жарнама парақшасына назар аудармайтын шығарсыз, бірақ, тұсаукесері болып жатқан әлемдік киноны, оның беташар бейнекөрінісін міндетті түрде қарайсыз немесе жалғыз отырған күндердің бірінде көрген видеоыңыздың анау тұсындағы әлгі бір әсерлі сәт есіңізден шықпай жүрген болар? Көркемдіктен ләззат алу – мейлі сіз кім болсаңыз да жүрек түкпіріңізде жасырынып жатады. Бұл турлы ойға Cinema 4D бағдарламасын танып, осы бағдарламаны іздеп, оны үйренуді бастаған сәтте келген едім.

Мына суреттегі кинолар естеріңізде болар?!

 

Мына видеоға назар салып көріңіз:

Енді мына суреттерге қараңыз:

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген бар. Бүгінгі таңда ұлттың өнерін, халықтың жадындағы қазақы таным мен рухани құндылықтарды баршаға жария етуде жаңа технологияның мүмкіндігін пайдаланбау мүмкін емес.

Ендеше, жаңа технология деген не? Белгілі бір қырынан алып қарағанда жаңа технология дегеніміз компьютердегі бар мүмкіндік деуге болады. Мысалы, идеялогиялық киноөндірістің молынан жасау мен белгілі бір мәдениетті дәріптеу мақсатындағы көркем фильмді жасау үшін осы топқа ең бастысы білікті маман керек. Ал, сол білікті маманы сол картинадағы идеяға жақтас, сол мәдениетті дәріптеуші адам болса онда тіптен нұр үстіне нұр болар еді. Ол маман дәл сіз бірінші суретте көрген киноларды аядай студияда отырып-ақ жүзеге асырып, бір елдің тарихын, бір ұлыстың күш-қуатын танытып жатыр.

Жалпы, дайын, жасалынып қойылған бағдарламаларды қолдана білу, оны өз игілігімізге жарату біздің еншіміздегі дүние деп ойлаймын. Білгеніңді ортаға салу, білмегенді өзің сияқты білгілісі келетіндермен бірге үйренудің өзі бір ғанибет қой.

Айтпақшы, қазақы суреттер Шаттық есімді қытайдағы қандасымыздың Cinema 4D бағдарламасында жасаған тудындылары.



Бөлісу: