Дәруіш пен ханшайым
блог
Дәруіш пен ханшайым
Хан қызы келбеті ай жүзімен таласардай ажарлы еді, оған көз салу бақыты бұйырған жанның барлығын баурап алатын.
Бір күні әлдеқандай бір дәруіш әлденіп алмақшы боп, аузына бір үзім нанды апара бергені сол еді, ханшайымды көзі шалып қалып, таңғалағынан сілейіп тұрып қалады... Саусақтары өз-өзінен икемге келмей, қолындағы бір үзім нанын жерге түсіріп алады.
Жанына өтіп бара жатқан ханшайым дәруішке көз қиығын тастап, күлімсірейді. Дәруіштің денесі шаттықтан дір етеді, түсіріп алған нан үзімін есінен мүлдем шығып кетеді, басы айналып, есінен айырыла жаздайды. Осы есеңгіреген сезім жетегінде ол жеті жыл жүреді. Көше оның үйіне, қаңғыбас иттер көршісіне айналады.
Ессіз ғашық дәруіш ханшайымды ығыр қылады, содан оның күзетшілері оны өлтірмекші болып шешеді. Сол кезде ханшайым дәруішті өзіне шақырып алып оған былай дейді:
– Екеуміздің арамызда ешқандай одақ болуы мүмкін емес. Сен тез арада қаладан кетуің керек, өйткені менің қызметшілерім сені өлтірмекші.
Бейшара ғашық оған былай деп жауап береді:
– Сені көрген мезеттен бері менің өмірімнің еш мәні қалмады. Олар жазықсыз қан төкпекші. Алайда, өлер алдында жалбарынып сұрарым, менің жалғыз-ақ тілегімді орындашы, өйткені менің қазамның себепкері өзің боласың, айтшы, неліктен сол кезде маған күлімдедің?
– Ақымақ! – деді сонда ханшайым, – мен сенің өзіңді қаншалықты келекеге айналдырғаныңды көрген соң, саған деген аяныштан, мүсіркегеннен ғана күлімсіредім.
Осылай деп, ханшайым көзден таса болды.
(Менің аудармаларымнан)