Дәрісіз-ақ дертке дауа таба аласыз

Капустаға «Шөп-шалам» деп қарамаңыз

Қырыққабат (капуста) денсаулыққа неғұрлым пайдалы қасиеттерді өзінің бойына жинаған. Мәселен, ағзадағы ауруларға қарсы тұрақты күш береді, бас ауруын басады және ұйқысыздықты жояды.
Қырыққабаттың жас сөлі асқазан мен ішек жарасына дәру. Қырыққабат тамыр, қан ұюын қалыпқа келтіріп, қан кетуден сақтандырады. Тыныс жолдарына оның қайнатпасын балмен қосып қолданады. Ашытқан қырыққабат бауыр ауруларына, асқазан сөлі қышқылдығы төмендегенде пайдаланады әрі қант диабеті мен семіздікке қарсы ішуге пайдасы бар.

 

 Лимонның пайдасы...

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Оның сөлі шипалы әрі косметикалық мақсатқа да кеңінен қолданылады. Тұмауға, баспаға қарсы ем ретінде халық арасында көптеп пайдаланылады.
Егер басыңыз ауырып тұрса, онда ащы кофеге лимон шырынын тамызып ішкен жөн. Тістің еті қанталап, ісініп тұрса, оны лимон қабығымен ысқылап, массаж жасау керек.
Сығылған лимонды тастай салмаңыз, оны пайдаға асыруға әбден болады. Жатар алдында екі қолыңызды лимон қабығымен ысқыласаңыз, терісі жұмсарады. Лимонның езілген қабығын тастамаңыз, оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіс су (туалетная вода) аласыз. Онымен теріні, жуылған шашты шаюға болады.

 

Қан қысымыңыз көтерілген жағдайда...

Қан қысымыңыз көтерілген жағдайда бір стақан суға 2 қасық алма қышқылын қосып, аз-аздан ішіңіз. Болмаса, алма қышқылына бинтті малып алып, аяқтың тобығынан орасаңыз болады. 

 

 Арықтағыңыз келсе...

• Көп мөлшерде (күніне 2 литрге жуық) жай немесе минералды су ішіңіз. Алайда, астан кейін үш сағаттан соң ішіңіз.
• Қоспасы жоқ ашқылтым шоколод (какао 65 пайыздан артық болмасын) жеңіз. Егер де басқалай шоколод жейтін болсаңыз, салмақ азайтудың еш нәтижесі болмайды.
• Жеміс-жидек қосылған салатқа көңіл бөліңіз.
• Шоколод диетасын ұстаңыз.
• Ас арасында жемістер (банан мен жүзімнен басқасы) мен аз мөлшерде шоколод жеңіз.
• Шоколодты белгілі бір мөлшерде жеп үйреніңіз. 100 грамдық шоколод, 450 ккал құрайды. Оның бір бөлшегі (диетаға арналған) 5-7 грамды құрайды. Күніне осындай бөлшектің жетеуін жеп тұрсаңыз сіздің арықтауыңызға мүмкіндігіңіз бар.

 

 Сұлы сәбидің тісіне пайдалы

Кішкене баланың тістері сау болып өсу үшін мына әдісті пайдалануыңызға болады.
10 литр суға 1 килограмм сұлыны жақсылап қайнатып, 100-150 грамм тұнбадан балаға ішкізіңіз. Қалған суға баланы салып сабынсыз жуындырыңыз. Суды төкпей екінші күні жылытып жуындырыңыз. Үшінші күні де дәл осылай қайталаңыз. Сонан соң суды адам аяғы баспайтын жерге төгіңіз. Піскен сұлыны тастай салыңыз.



Бөлісу: