Дәрістен алған әсерім...

Дәрістен алған әсерім...
жеке
блог

Бүгінгі дәріс күндегісіненен  ерекше өтті. Әсері соншалық , қазіргі уақытқа дейін санамда сақтаулы тұр десем,артық болмас еді.Неліктен немесе несімен?,-дейсіз ғой? Айтар жауабым да сақадай дайын тұр.Себебі,бұл дәрісте ”Қазақ ” радиосының мұрағатында сақтаулы тұрған ”Сыр сандық’’бағдарламасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы ''Мұқағали Мақатаев бар мұнда!'' деген тақырыпта керемет сұхбат берген Дүйсенбек Қанатбаевтың  өз дауысын тыңдау үлкен бір ғанибет болды. Ақтықпай, салмақпен,еппен сөйлеген сөзі адамды өзіне баурамай қоймайды.

         Ақын лирикасы біздің қилы-қилы, алуан түрлі оқиғаларға толы, мәні мен сәні өзгеше өміріміздің күнделігі іспетті. Адам психологиясының тамырын дөп басатын бекзат Дүйсенбек  ақын қашан да болмасын өз оқушысын сұлулық бұлағының терең иірімдеріне жетелейді, тек өзіне бір Құдай берген қазынасы мол әсемдік әлемімен таныстырады. Дүйсенбек ақынның  басты мақсаты – оқушы бойына еркіндік, тәуелсіздік, мейірімділік сияқты қасиеттерді дарыту, оның ойлау, ойлану мүмкіндігін одан әрі кеңейту.Сонымен қатар,осы бір шағын ғана дәрістен әр түрлі әсер,әр түрлі ой қалыптастыратын адамдар қаншама! Меңінше,бұл дәріс әр адамның санасына тек жақсы пікір,жақсы ой қалдырады деп түйемін..

     Енді,ақынның Мұқағали Мақатаев жайлы айтқан пікірлеріне тоқтала кетсек.Ақын сөзін:''Дер кезінде,көзі тірі кезінде замандастары еш бағаламады.Бізді қоспағанда,жасы үленнен Әбділдә Тәжібаев,жасы кішіден Әбіш Кекілбаев көрегенділіктерін көрсетті.Өте орнықты,аса құнды пікір қалдырды.Аққулар ұйықтағанда поэмасын Ғ.Мүсірепов сүйсіне тыңдаған.Демек,ең басты мәселе әлгі сияқты мойындаулардың дер кезінде жалпы халықтық деңгейге көтерілуі.Яғни,қалың оқырманның төл тұрақтанбауының тұрмысы,”-деп Мұқағалидың пэзиясының ары қарай дамуыңа үлес қосқан ақын-жазушыларымыз жайлы аздаған пікір қалдырады.Одан әрі:''Сонымен.сөздің дәйегі болу үшін Мұқағалидің ''Қарлығашым келдің бе?''-саналы жинағы жарық көрген бойда ''Енші жас'' газетінің бетіне жарияланған Әбіштің пікірі:”Мақатаев – жырлар жинағы, майда қоңыр сазбен жарқ-жұрқ көзді ұрлайтын жұмсақ нұр, керек тербелістің гуманитарлық мәні,”- деп алдыңғы озық ойын одан әрі айқындай түскен тәрізді. Осы тақырыпты ақын өрлете отырып, Мұқағалимен сырлас болған күндері жайлы,оның қызық та,шұжық өмірі жайлы айта отырып , бірнеше өлеңдерін,поэмаларын  талдап, талқылап береді.

   Міне,осындай керемет сұхбаттан адам жүрегі елжіреп, санасында кішкене болса да түйсік пайда болмауы мүмкін емес.

   Мен енді,өзіме тоқтала кетсем... Менің осы дәрістен алар  пайдалы нәрселерім көп болды.Атап айтсақ, Мұқағали Мақатаев жайлы естімеген әңгімелер, ол жайлы айтылған ойлары да,оның өмірге әкелген туындылары жайлы ақын-жазушыларымыздың пікірлерінің  өзі де  неге тұрмақ?Тағы айта кететін жайт, осы тақырыпты ойтолғау ретінде жазу барысында,яки ізденіс барысында Дүйсенбек Қанатбаев туралы аз да болсын мәліметтер жинақтадым, ол кісі жайлы ғажап пікір қалыптастырдым.Сол кісінің ‘’Жатаған ымырт-биік таң’’атты өлеңдер жинағындағы бір өленінің , бір ғана шумағын алдыларыңызға тастағым келіп отыр:

 Келеді қазақ,
Еңсесін еркін сүйіп көк.
Келеді қазақ,
Туымен бірге биіктеп.
Ойлайсың сонда –
Осал да емес шығар-ау,
Осынау нұрды,
Көтере білген иық деп.

Міне ақынның осындай аз ғана, яки өленінің бір шумағының өзінін адамға берер пайдасы қаншама?

  Бұл шағын ғана дәрістен алған әсеріміз сөзбен айтып жеткізуге келмейді. Ал мұндай керемет дәрісті санамызға құюға әсерін тигізген радиожурналистика пәнінің оқытушысы Клара Қабылғазина апайға үлкен рахмет!"Сонымен қатар,осындай тамаша ,адамға үлкен ой салатын,адамның білмегенін білдіретін, аса құнды дәрістер  көбірек болса екен",-деп түйіндегім келеді !!!!!!