Көкейімде тұрғанда толып арман,
Сынағың көп тосатын торып алдан.
Ақ халаты жарасқан,дәрігер қыз,
Мен сені сағынатын болып алғам.
Әдемісің жайқалған гүлдерден мың,
Дерегіңді күтемін күндерден бұл.
Сенбейсің-ау,сенбейсің сезіміме,
Бірақ мен сені сүйіп үлгергенмін.
Тағып беред «ғашықтық» алқасын кім?
Күдіктеніп сөзіме... артасын-мұң...
Жүрегімде дертім бар, сол үшін де-
тек сенен ем іздеген-науқасыңмын!
Көздеріңнен көрінер тұнып бағым,
Өзің барда атады күліп таңым.
Бұл науқасты емдеуге міндеттісін,
Дәрігерлік антыңды ұмытпағын!
Қағайын ойларымның қанатын қай?
Жаттап алғам мен сенің дара атыңды-ай.
Саған деген сезімім “әппақ” еді,
Үстіңдегі “періште” халатыңдай.
авторы: Жандарбек ЖҰМАН
https://vk.com/zh.zhuman