Дана Нұржігіт кішкентай Рамазанның тұсауын кесті
жеке
блог
блог
Сәбидің тұсауын кім кессе, соның жолын қуады деген ырым бар ғой. Толыбаевтар отбасының кішкентай мүшесі Рамазанның тұсауын Дана Нұржігіт кесті. Осы қуанышқа біз де куә болдық. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөз көп айтылғанымен, аз адамға қатысты болады екен. Толыбаевтардың өтінішін бірден қабылдап, қаланың шетіне қарай орналасқан үйін өз көлігімен іздеп барған Дана ханымға риза болдық. Дастархан басында әдемі әңгіме өрбіді. Дана Нұржігіт Астанаға қоныс аударғаны жайлы, ұлы Әлімнің қызықтары туралы айтты. Теледидардан сұсты болып көрінгенімен, өмірде сондай қарапайым, сондай мейірімдіііі. Алдағы видеомызда осы керемет өткен күннен үзінді көрсетеміз.