Дамыған елдердің ерекшелігі неде?

Дамыған елдердің ерекшелігі неде?
жеке
блог

"Үлкен Жетілік" деп аталатын жоғары деңгейде дамыған басты капиталистік елдерді "өркениет локомативтері" деп те атайды. Бұл топқа: АҚШ, Германия, Канада сынды алпауыт мемлекеттер жатады. 

 Дамыған елдердің әлемдік экономикаға ықпалы өте үлкен. Олар әлемдік экономиканың жай-күйін, даму бағыттары мен өзгеру сипатын анықтап береді. Дамыған елдерде әлемдік жиынтық өнімнің 3/4 бөлігі өндіріледі,  бұл елдер ресурстардың басым бөлігін пайдаланады. Мысалы, дамыған елдерде жылына 50 млн дана автокөлік шығарылады. Дүниежүзі бойынша дамыған елдерде жан басына шаққандағы табыс көлемі ең жоғары болып табылады. "Үлкен Жетілік"  деп аталатын жоғары деңгейде дамыған басты капиталистік елдерді "өркениет локомативтері" деп те атайды.  Бұл топқа: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония енеді. Әлемдегі "500-дің клубы" аталған аса ірі 500 ұлтаралық бірлестіктің 400-ден астамы осы елдерде орналасқан. Олардың үлесіне жалпы жылдық сату көлемінің 90%-ы тиесілі болады. 

 Жоғары дамыған елдерде ірі қаржы орталықтары орналасқан. Нью-Йорк, Токио, Лондон, Торонто, Франкфурт, Милан сынды қалалар басты қаржы орталықтары болып саналады. 

                                       Абай атындағы РММИ 

                                      10"в"сыныпоқушысы

                                       Әшімбек Ұлтай